2025 жылғы 22-24 қазан аралығында Астанадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында Орталық Азиядағы ең ауқымды аграрлық көрмелердің бірі - KazAgro/KazFarm-2025 өтеді. Шараны Шолпан Қожабаева басқаруымен ExpoGroup халықаралық көрме компаниясы ұйымдастырады.
KazAgro/KazFarm-2025 көрмесі ең жоғары деңгейде өтеді - іс-шараға Үкімет төрағасының орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі, сондай-ақ Сауда және интеграция министрі қатысады. Сонымен қатар, шетелдік делегациялар, елшіліктер және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуын растады. Бұл көрмеге жаһандық маңыз бен халықаралық коммуникациялық мәртебе береді.
Биыл көрмеде 25 елден 250-ден астам компания өз өнімдері мен технологияларын ұсынады. Германия, Чехия, Австрия, Беларусь, Иран, Ресей және Қытай елдерінің ұлттық павильондары қойылады. Көрме экспозицияларында дәл егіншілікке арналған дрондардан бастап жасанды интеллект негізіндегі инновациялық шешімдер ұсынылады.
KazAgro/KazFarm-2025 көрмелері дәстүрлі түрде агросаланы дамытудың өзекті тақырыптарын қамтитын іскерлік бағдарлама ұсынады. Онда салалық конференциялар, панельдік пікірталастар, семинарлар және B2B/B2G кездесулер өтеді.
Басты тақырыптар:
•аграрлық білім берудің жаңа тәсілдері;
•Чехия мен Германия тәжірибесіндегі инновациялар;
•климаттық өзгерістер жағдайындағы жем-шөп өндірісі;
•мал шаруашылығын цифрландыру және автоматтандыру;
•ветеринария және биологиялық қауіпсіздік мәселелері.
Ерекше қызығушылық - көрме аясында Беларусь Елшілігінің қолдауымен Беларусь-Қазақстан аграрлық форумының өтуі. Жиын екі елдің үкіметтік және бизнес құрылымдарын біріктіріп, өнеркәсіптік және технологиялық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылайды.
2025 жылғы көрменің ерекшелігі – шараға жастарды тарту және инновациялық ойлауды дамыту. «Ауыл» партиясы ұйымдастыратын AgroHackathon байқауында аграрлық ЖОО студенттері өздерінің «ақылды» егіншілік, биотехнология, цифрлық мониторинг және тұрақты өндіріс бағыттарындағы стартаптарын ұсынады. Үздік жобалар инвесторлар мен сарапшылардың тарапынан қаралып, қолдауға ие болады.
«Қазақстанның аграрлық болашағы тек егістік алқаптарында емес, жас инженерлер, биотехнолог пен программистердің санасында қалыптасады. Біз кәсіби мамандардың тәжірибесі мен жаңа буын өкілдерінің ынтасын бір алаңда біріктіруді мақсат етеміз», - дейді ExpoGroup компаниясының басшысы Шолпан Қожабаева.
QazTrade Сауда саясатын дамыту орталығы көрме аясында арнайы экспорттық аймақ ұйымдастырады. Бұл алаңда қазақстандық фермерлер мен кәсіпорындар шетелдік серіктестермен тікелей кездесіп, экспорттық келісімдер жасай алады. Бұл бастама «Қазақстанда жасалған» брендін халықаралық нарықта ілгерілетудің нақты мүмкіндігін ашады.
KazAgro және KazFarm көрмелері ауыл шаруашылығы саласының барлық бағытын қамтиды:
•өсімдік шаруашылығы: тұқым, агрохимия, техника, цифрландыру, қайта өңдеу;
•мал шаруашылығы: генетика, жем-шөп өндірісі, жабдық, қайта өңдеу және дайын өнім – тіпті сүттен премиум етке дейін.
KazAgro/KazFarm-2025 - бұл жай көрме емес, агроөнеркәсіп әлемінің стратегиялық алаңы. Мұнда идеялар туындайды, серіктестік орнайды және Қазақстан ауыл шаруашылығының болашағы қалыптасады.
Кіру тегін!
Өтетін орны: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1 («EXPO» ХКО)
Күні: 2025 жылғы 22-24 қазан
БАҚ аккредитациядан өту үшін: 87776454635 (21 қазанға дейін)
Ұйымдастырушылардан қосымша ақпарат алғыңыз келсе:
+7 (701) 952-86-72,
+7 (701) 958-29-73;
project@expogroup.kz
expogroup@expogroup.kz;
kazfarm.kz Instagram: @expogroup