Меню
Страницы
Басқарма туралы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Егін шаруашылығы
14 марта 2024
Хабарландыру!

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы 2024 жылдың көктемгі егісіне тұқым сапасын сараптамадан өткізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінгенін хабарлайды.
Осыған орай, барлық аудан және Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, облыс орталығындағы және аудандық «Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ-ның филалдарына егілетін қолда бар дақыл тұқымдарын сараптамадан өткізулеріңізді сұраймыз.


Егіншілік және өсімдік қорғау бөлімінің байланыс нөмірі:
8 (7242) 60 54 44;
«Казагрэкс» АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының бас сарапшысы Кенжеғұлова Айгерім 8 776 872 26 70

Егін шаруашылығы
30 января 2024
Хабарландыру!

«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидасы негізінде, 2024 жылғы көктемгі егіс және күзгі егін дала жұмыстарына арналған мемлекет тарапынан бөлінетін дизель отынын таратушы операторларды айқындау жөніндегі облыстық комиссияның отырысын 2024 жылғы 1 ақпанында, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында өткізу жоспарлануда.

Егін шаруашылығы
22 января 2024
Хабарландыру

«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидасы негізінде, Шымкент мұнай өңдеу зауытынан облысқа 2024 жылғы көктемгі егіс және күзгі егін жинау жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізу жұмыстарын Дизель отынының зауыттан жіберу бағасы –  274 038 теңге/тоннасына.

2024 жылғы көктемгі егіс және күзгі дала жұмыстарына арналған мемлекет тарапынан бөлінетін дизель отынын таратушы операторларды айқындау жөніндегі облыстық комиссияның отырысына тиісті құжаттар топтамасын 2024 жылдың 24-31 қаңтар аралығында қабылданады. Жоғарыда көрсетілген қағиданың 17-тармағына сәйкес тиісті құжаттардың тізбесін ұсыну қажет.

- Жұмысшы органның орналасқан жері: Қызылорда облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

- Почталық мекенжай: Қызылорда қаласы, С. Бейбарыс көшесі №1

- Байланыс телефонының номері: 8 (7242) 60-54-42

- Электрондық почта: d.zhumabekova@korda.gov.kz;

Дизель отынын тасымалдауға ниет білдіруші жеткізушілер төмендегі көрсетілген құжаттар тізімін ұсыну қажет:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім;

2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасын көрсетілген баға ұсынысы;

3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;

5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар (бар болса) анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);

6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;

7) мұнай өнімдері базасына немесе резервуарға тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері базасын немесе резервуарды жалдау шартының көшірмесі;

8) мұнай өнімдерінің немесе резервуардың базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):

мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат:

техникалық паспорттың көшірмесі;

цистернасы бар автомашина (бензовоз) үшін таразының болуы;

"Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін бақылау есептеу аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі қағидалар мен талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;

9) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;

10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасығыштың) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;

11) мұнай базаларының орналасу схемасы.

12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулін қолдану туралы растау.

Қосымша сұрақтар бойынша: 8 (7242) 60-54-42

Егін шаруашылығы
26 октября 2023
«Алтын дән» жәрмеңкесінде 1000 тоннадан астам өнім сатылды

Егін жинау науқанының аяқталуына орай «Алтын дән-2023» мерекесі аясында облыс орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда барлық аудандар мен Қызылорда қаласының шаруалары өз өнімдерін базар нарығынан 15-20 пайызға төмен бағада ұсынды. Ауылдардан 425 жүк көлігімен 1000 тоннадан астам өнім әкелінді.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындармен бірге жәрмеңкелерді аралап, халықпен пікірлесті.
Сыр диқандары 286 млн. теңгенің 1020,6 тонна өнімін ұсынуда.
Саудаға 140 тоннадан астам күріш, 25 тонна ет, 30 тоннадай балық өнімдері, 200 тонна картоп, 80 тонна сәбіз, 120 тонна пияз, 90 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидектер, 200 тонна бақша өнімдері, 115 тонна асқабақ, 6 тоннадай сүт өнімдері, 10 тоннаға жуық бакалея және кондитер өнімдері, 140 бас тоқты, 50 тоннадан астам жем-шөп қойылған.
Алдағы уақытта «Алтын дән» мерекесі барлық аудандар мен Қызылорда қаласында жалғасын тауып, ауыл шаруашылығы үздіктері марапатталатын болады.

Егін шаруашылығы
23 октября 2023
«Алтын дән-2023»: Қызылордада еңбек озаттары марапатталды

Бүгін «Алтын дән-2023» дәстүрлі іс-шарасында аймақтағы егін жинау науқаны қорытындыланды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев дала еңбеккерлерін құттықтап, ала жаздай еңбек етіп, қамбаны күрішке толтырған шаруалардың адал еңбегін жоғары бағалады.

«Алты алашқа ана болған Сыр өңірінің облыс болып құрылғанына биыл 85 жыл. Қызылордалықтар бұл мерейтойға үлкен табыспен жетті. Жақында облысқа іссапармен келген Мемлекет басшысы аймақтың дамуына жоғары баға берді. Қасым-Жомарт Кемелұлы Нағи Ілиясов ауылында өткен еңбек адамдарымен жүздесуде: «Шын мәнінде, еңбек адамдары – халқымыз үшін ең қажет азаматтар. Ең алдымен, біз еңбек адамдарына құрмет көрсетуіміз керек. Сіздер ақ күріштің атасы – Ыбырай Жақаевтың жолын жалғап жүрсіздер. Сондықтан мен сіздерді қолдаймын»,– деп қошемет білдірді. Президент Сыр өңірінің бренді – күріш өндірісін көру үшін «Алтын орда» зауытында болды. Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің өнімдерімен  танысып, диқандар мен шаруалардың еңбегіне табыс тіледі. Бұл – барша еңбек адамдарына берілген оң баға, көрсетілген құрмет», – деді облыс әкімі.

Нұрлыбек Машбекұлы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Cыр диқандарына жолдаған арнайы құттықтау хатын оқып берді.

Айта кетейік, аймақта 9 айдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 157 млрд.теңгеге жетті. Жалпы ішкі өнімдегі осы саланың үлесі 6 пайызды құрады. Соңғы 3 жылдың ішінде ауыл шаруашылығының негізгі қорына 32 млрд 700 млн теңге инвестиция салынды.  Биыл жалпы құны 7,9 млрд.теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Жыл ішінде салаға 14,0 млрд теңге қаржылай қолдау жасалды. Оның 4 млрд 700 млн теңгесі егін шаруашылығын субсидиялауға бағытталды.

Биыл су тапшылығы қатты сезілген жыл болды. Соған қарамастан Сыр диқандары ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Егістік көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4 мың 800 гектарға ұлғайтылып, 193 мың 400 гектар жерге егін егілді. Оның ішінде күріштік алқап 89 мың 100 гектар. Күні кеше жиын-терім науқаны аяқталып, әр гектардан алғашқы салмақта 56,5 центнерден өнім алынды. Қамбаға 503 мың тонна астық құйылды.

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанда еңбек адамы ең бірінші орында тұрады. Себебі отаншылдық - ең алдымен туған елінің игілігіне қызмет ету»  деген еді. Осы орайда дәстүрлі мерекенің ең басты құрметі  еңбек адамдарына көрсетілді.  Күрішшілер, сушылар,  комбайншылар, механизаторлар, диқандар, малшылар сахна төріне шығып, марапатқа ие болды.

Іс-шарада сала қызметкерлері ҚР Премьер-министрінің алғыс хатымен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен марапатталды.

Жыл қорытындысымен топ жарған озаттар түрлі номинация иеленді. Төрт түлік өсімін қамтамасыз еткені және өнім өндіруде жоғары жетістіктерге жеткені үшін Арал ауданы марапатталса, «Егін шаруашылығы» номинациясында Шиелі ауданы жеңімпаз атанды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы бойынша жоғары көрсеткіштерге Қазалы ауданы қол жеткізді. «Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда ең жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген үздік аудан» номинациясы бойынша Жаңақорған ауданы марапатталады.

Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласты. Сахна жұлдыздары дала еңбеккерлерінің құрметіне әсем ән шырқап, мерекені думанға бөледі.

Егін шаруашылығы
19 сентября 2023
Ауыл шаруашылығы министрі күріш институтының жұмысымен танысты

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Ы.Жақаев атындағы күріш ғылыми-зерттеу институтының қызметімен танысты.
Айта кетейік, күні кеше Қармақшы ауданында өткен «Дала күні» семинар-кеңесінде аймақ басшысы күріш өсірушілердің өзекті мәселелерін министрге баяндаған болатын.
Аймақ басшысы министрге күріш өнімділігін арттырудың бірден-бір жолы – агротехнологияларды сақтаумен қатар, сапалы тұқыммен қамтамасыз ету екендігін айтып, институт жұмысын жандандыруға қатысты ойларымен бөлісті. Бүгінде аймақта егілетін күріштің небәрі 3 пайызы ғана - отандық сорттар. Өкінішке орай, Қазақстандағы жалғыз күріш институты жаңа, бәсекеге қабілетті сорттар шығаруға қауқарсыз. Оның негізгі себебі - институттың қаржылық және материалдық- техникалық жағдайының төмендігі. Аграрлық ғылымды реформалау шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігі күріш ғылыми- зерттеу институтының жарғылық үлесін С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне беруді жоспарлауда. "Біздің ойымызша, бұл университеттің ғылыми-зерттеу институтын жеткілікті қаржыландыруға мүмкіндігі болмайды. Құрметті Айдарбек Сейпілұлы, министрлік әзірлейтін тұқым шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарына күріш тұқымы мәселесін қосуды және қолдауыңызды сұраймын", - деп атап өтті Нұрлыбек Машбекұлы.
Мекеме жұмысымен танысу барысында министр аталған мәселелердің мән-жайын зерделеп, алдағы уақытта шешімі қарастырылатынын жеткізді.

Егін шаруашылығы
19 сентября 2023
Ауыл шаруашылығы министрі Жалағаш ауданындағы "ТАҢ ЛТД" серіктестігіне барды

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жалағаш ауданындағы «Таң ЛТД» ЖШС-нің күріш ақтау зауыты және ет өңдеу цехының жұмысымен танысты.
Таң ауылдық округіндегі «АгроЛидер Таң» ЖШС-ның ет өңдеу цехы 2019 жылы іске қосылған. Жоба құны 111 млн. теңге, оның 53 млн теңгесі «Байқоңыр» ӘКК тарапынан, 58 млн теңге – серіктестіктің өз қаражаты. Кәсіпорынның жер көлемі 0,3 гектар.
Цехта 15 түрлі ет өнімдері шығарылады. Айына 15 тонна өнімді облыс тұрғындарына тиімді бағада ұсынуда. Мұнда 8 адам тұрақты жұмыс істейді.
Ал шаруашылықтың «Диқан ата» күріш ақтау зауыты 2018 жылы іске қосылған. Өндіріске 150 млн.теңге қаражат жұмсалған. Зауытта тұрақты жұмыспен қамтылған 15 адам тәулігіне 100 тонна күріш ақтайды.
«Таң ЛТД» серіктестігі 2003 жылы құрылған. Серіктестік 2019 жылы тұқым шаруашылығы статусын алды. Қазір аудан шаруашылықтарын I репродукциялы «Лидер» сортымен қамтамасыз етуде.
Құрылым жыл сайын техника жаңартады. Биыл 662 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын еккен. Оның ішінде 483 гектарға күріш, 63 гектарға жаңа жоңышқа сеуіп, 116 гектар ескі жоңышқаны күтімге алған.
Аймақ басшысы мен Ауыл шаруашылығы министрі «Таң ЛТД» ЖШС жұмысына оң баға беріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Еске салсақ, бұған дейін облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы мен Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қармақшы ауданында өткен «Дала күні» cеминар-кеңесіне қатысты.

Мал шаруашылығы
Егін шаруашылығы
Экспорт
19 сентября 2023
Сыр елінің елордаға тартуы

Астана қаласында елорданың 25 жылдығына орай Қызылорда облысы тауарөндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталды.
Арқа төріндегі қала тұрғындарына 85 жылдық тарихы бар Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын-қарбызы, ұлттық сусындары жеткізілді.
Жәрмеңкеде аймақта өндірілетін отандық өнімдерді қолдау мақсатында арнайы көрме ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар, елордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр елі өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылады.
Жәрмеңкеде 60-қа жуық Сыр диқандары мен тауарөндірушілері 40 жүк көлігімен 160 млн. теңгенің 450 тоннадан астам өнімдерін тұрғындарға ұсынуда. Атап айтқанда 130 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет және 30 тоннаға жуық балық өнімдері, 30 тоннадай көкөніс пен жеміс-жидектер, 230 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 10 тоннадай сүт өнімдері, 5 тоннаға жуық сөк, талқан және кондитер өнімдері жеткізілді.

Егін шаруашылығы
14 сентября 2023
Ауыл шаруашылығы министрі Нағи Ілиясов ауылын аралады

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов ауылдық округіне барып, көркейту-көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын көрді.
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев ауылдағы әлеуметтік нысандарды таныстырды.
2022-2023 жылдары ауыл көшелерін қайта жаңғыртуға Ұлттық қор мен республикалық бюджеттен 525,9 млн теңге, дәрігерлік амбулатория құрылысына 404 млн теңге бағытталды. Мұнан бөлек, «Абзал және К» ТС абаттандыру жұмыстарына жыл сайын 100 млн теңге қаржы бөледі. 2015 жылы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіш құрылысына 44 млн теңге, 2016 жылы ауылдық мешітті жаңартуға 137 млн теңге, 2017 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ауыл әкімдігі ғимаратының құрылысына 134 млн теңге жұмсады. Өткен жылы компания балалар ойын алаңы мен спорт алаңын күрделі жөндеуден өткізуге 23 млн теңге және «Еңбек аллеясының» құрылысына 455 млн теңге бөлді.
Айта кетейік, жергілікті кәсіпкерлер, облыстан шыққан меценаттар Мемлекет басшысының туған жерді көркейтуге үлес қосуға шақырған үндеуін барынша қолдап, игілікті бастамаға белсенді атсалысуда. Демеушілік есебінен облыста 31 млрд. 700 млн. теңгенің жобалары жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, маусым айынан бері 1 млрд. 100 млн. теңгеге облыс орталығындағы 50 үйдің қасбеттері заманауи панельдермен қапталуда. Қызылордалық кәсіпкер Асқар Әубәкіровтің демеушілігімен Қызылорда қаласының орталық алаңын абаттандыру жұмыстары басталды. Жоба құны 1 млрд. теңгені құрайды.
Мұнан бөлек, меценаттардың қолдауымен Сыр өңірінде көптеген әлеуметтік нысандар салынып, қасиетті орындар – Қорқыт ата ескерткіш-кешеніне, Хорасан ата, Оқшы ата және Марал баба кесенелеріне қайта жаңғырту, айналасын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Маусым айынан бері демеушілердің қолдауымен 1 млрд. теңгеге 20 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру басталған болатын. Аулаларға заманауи спорт алаңдары салынып, тротуарлары, жарық бағаналары жаңартылуда. Бұл тұрғындардың, балалардың демалысына қолайлы әрі спортпен шұғылдануына серпін береді. Абаттандырылған, көркейтілген аулалар жақында аталып өтілетін Қала күні мен Қызылорда облысының 85 жылдығына тарту етілмек.

Егін шаруашылығы
13 сентября 2023
Үкімет басшысы сырбойылық диқандарды құттықтады

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қармақшы ауданында өткен «Дала күні» cеминар-кеңесіне қатысты.
Аталған іс-шарада аудан әкімдері, басқарма басшылары, ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері мен сала ардагерлері болды.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өз баяндамасында аяқ су тапшылығы мәселесін қозғап, оның алдын алу бойынша бірқатар ұсыныс айтты.
«Соңғы жылдардағы су тапшылығының қиындығын Сыр диқандары қатты сезініп келеді. Биыл да вегетация кезеңінде егісті сумен қамтамасыз ету күрделі жағдайда өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының, Үкімет басшысы Әлихан Асханұлының, Үкімет мүшелерінің қолдауының арқасында аймақта су тапшылығының алдын алу шаралары қабылданды. Өткен жылы Үкімет резервінен бөлінген қаржыға 21 канал тазаланып, 52 ұңғыма қалпына келтірілді. Қосымша 133 насос сатып алынып, ел игілігіне пайдаланылуға берілді. Облыста арнайы жұмыс топтары құрылып, суды тиімді пайдалану үшін егістікті кезектесіп суаруды, қашыртқыдағы суды екінші рет пайдалануды жолға қойдық. Осындай қиындықтарға қарамастан, күріш көлемін 89 мың гектар етіп сақтап қалдық», – деді аймақ басшысы.
Нұрлыбек Машбекұлы келер жылдан бастап суды тиімді пайдалану үшін күрішке берілетін қолдаудың көлемін қысқартып, қаржыны әртараптандыру мақсатында егілетін дақылдарға бағыттауды ұсынды. Аймақ басшысының ұсынысына сәйкес, субсидияны ауыспалы егіс тәртібін сақтап, егістік жерді лазерлік тегістеуден өткізген және каналдар сағасына су есептегіш құралдар орнатқан шаруашылықтарға ғана беру керек.
Күріш шаруашылығындағы күрделі мәселе – сапалы тұқыммен қамтамасыз ету. Облыс әкімі министрлік әзірлейтін тұқым шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарына күріш тұқымы мәселесін арнайы қосуды және қолдауды сұрады.
«Дала күнінде» Үкімет басшысы Әлихан Смайловтың Сыр диқандарын егінге орақ салу рәсімімен құттықтау хатын ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров оқып берді. Министр диқандар мен су шаруашылығы мамандарын ҚР Премьер-министрінің Алғыс хатымен марапаттады.
Шараға қатысушылар егін жинауға арналған техникалармен, облыста өндірілетін агроөнім түрлерімен танысып, сала мамандарымен пікір алмасты.
Жалпы биыл облыс бойынша 193,4 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде негізгі дақыл – күріштің көлемі 89 мың гектар.
Әртараптандыру бағытында 3 мың гектар жерге, су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы 872,5 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
Қазір күзгі егін жинау науқаны кестеге сай жүргізілуде. Қажетті жанар-жағармай қоры жеткілікті, ауыл шаруашылығы техникалары да күрішті дер кезінде жинап алуға толық дайын.
Шаруашылықтар ерте егілген дәнді дақылдарды жинау жұмыстарын аяқтады. Дәнді және сүрлемдік жүгерімен қатар картоп, майлы, малазықтық, көкөніс, бақша дақылдарын жинау жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күнге күріш егісінің суы толық байланды. Жалпы егін жинау науқанын 10 қазанда аяқтау межеленген.

Социальные сети
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты