Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2016 жылғы 30 қарашадағы №629 бұйрығымен
бекітілген Бюджеттік мониторинг
жүргізу нұсқаулықтың
49-тармағына сәйкес
"Қызылорда облысының ауыл шаруашылығыжәне жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2023 жылы қаржыландыру жоспарына сәйкес 001 "Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасына облыс әкімдігінің 22 желтоқсан 2022 жылғы №690 қаулысына сәйкес 360 135,0 мың теңге қаржы қаралды. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі жобаны ауқымдау шеңберінде берілетін микрокредиттер сенім білдірілген агент арқылы ұсынылады. Ауыл халқының табысын арттыру мақсатында сенім білдірілген өкілдің қызметіне Қызылорда облысы әкімдігінің 28 сәуір 2023 жылғы №72 қаулысына сәйкес облыстық бюджеттен 44 700,0 мың теңге қосымша қаржы бөлінді. Сондай-ақ, Астана қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу қызметіне Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 тамыздағы №140 қаулысына сәйкес қосымша бюджеттен 13100,0 мың теңге қосымша қаржы бөлінді. Басқарма бойынша ағымдағы шығындардың мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша үнемделген қаржыларды Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қазандағы №188 қаулысына сәйкес бюджетке 9 765,0 мың теңге және Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №218 қаулысына сәйкес 4 274,0 мың теңге қаржылары бюджетке қайтарылды.
Нақтыланған бюджетпен басқарманың аппарат шығындарына 403 896,0 мың теңге қаржы қалыптасты. Жыл соңына 403 680,6 мың теңге қаржысы игерілді, яғни 99,9% пайызға орындалды. Игерілмеген 215,4 мың теңге ағымдағы шығындардан үнемделген қаржы.
Басқармада мемлекеттік әкімшілік қызметшілер саны 32 штат бірлігі және штаттан тыс қызметкерлер саны 23 штат бірлігі болып жұмыс жасайды.
Бөлінген қаржы басқарманың 32 бірлік мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен 23 бірлік штаттан тыс қызметкерлерге, еңбек демалыстарының ақысын, өтемақы төлемдерін өтеуге, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдарды төлеуге, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға және де басқарманың кеңсе тауарларына, басқарма аппаратының үздіксіз жұмыс үшін көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге, аппарат қызметкерлерінің ел ішіндегі іссапар шығындарымен елден тыс жерлерге iссапарлар мен қызметтiк сапарларға жұмсалды.
Сонымен қатар, Алтын дән - 2023 мерекелік іс-шарасына – 7 770,0 мың теңге, Астана қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу қызметі бойынша – 16 543,0 мың теңге және Ауыл халқының табысын арттыру шеңберінде сенім білдірген агенттің қызметіне 74 700,0 мың теңге қаржылары жұмсалды.
2023 жылдың қорытындысы бойынша 6,5 дебиторлық берешек қалыптасып отыр. Оның ішінде, табыс салығынан-2,1 мың теңге, 10% міндетті зейнетақы жарнасынан-2,4 мың теңге және әлеуметтік салығынан- 2,0 мың теңге, яғни жыл соңында басқарма басшысы орынбасарының басқа жұмысқа ауысуына байланысты, жұмыстан өз арызына сәйкес босауынан қалыптасқан дебиторлық берешек. Кредиторлық берешектер болған жоқ. Есепті мерзімде мекеме қаржы бақылау органдары тарапынан тексерумен қамтылған жоқ.
«Алтын дән-2023» салтанатты іс-шарасын өткізу қызметі және Астана қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу қызметтерінің қаржылары толығымен аударылды. Ауыл халқының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы аясында 404 жобаны несиелендіру жоспарланған. Жыл қорытындысымен 406 жоба несиелендіріліп,жоспар 100,5% орындалды.
2023 жылға 002 "Тұқым шаруашылығын қолдау"
бағдарламасына түсіндірме жазба
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірінші репродукциялы күріш, жүгері, арпа, бидай, мақсары, жоңышқа дақылдарының тұқымдарын сатып алуға қол жетімділігін арттыру, тұқым шаруашылықтарының материалдық техникалық базасын нығайту үшін Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 690 қаулысына сәйкес, облыстық бюджеттен 165 796,0 мың теңге қаржы бөлінген болатын. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен өтінім түспеуіне байланысты Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 218 қаулысына сәйкес, Қызылорда облыстық мәлихаттың 13 желтоқсан 2023 жылғы № 62 шешімімен 33 953,2 мың теңге үнемделіп, бюджетке қайтарылды. Нақтыланған бюджетке сәйкес жыл соңында 131 842,4 мың теңге қаржы қаралып, 80 шаруашылық құрылымдарынан түскен 100 өтінімге сәйкес толығымен 100% игерілді.
2023 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға 80 ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің барлығы 1173,78 тонна жоғары репродукциялы тұқым (1159,51 тонна күріш, 14,27 тонна жүгерінің бірінші ұрпақ будан тұқымы), 265 егістік бірлік жүгерінің бірінші ұрпақ будан тұқымы және 7500 дана жеміс ағаштарының (алма) элиталық көшеттеріне субсидия берілді. Ал, 2022 жылы 99 шаруашылық құрылымдары сатып алған 1541,0 тонна күріш, 16,774 тонна бидай, 12,025 тонна жүгерінің бірінші ұрпақ будан тұқымына (барлығы 1569,8 тонна жоғары репродукциялы тұқым), 295 егістік бірлік жүгерінің бірінші ұрпақ будан тұқымына және 4323 дана жеміс ағаштарының элиталық көшеттеріне субсидия берілді.
Жеміс ағаштарының (алма) көшеттерін 2022 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге, жүгерінің бірінші ұрпақ будан тұқымы 1,2 есеге артық сатып алынды. Күріш тұқымы мен жүгерінің бірінші ұрпақ будан тұқымдары (егістік бірлікпен) 2022 жылмен салыстырғанда тұқым аз субсидияланды. Себебі, шаруашылықтардың сатып алған тұқымдарының құжаттары Қағида талаптарына сай келмеуіне байланысты.
Бюджеттік бағдарламаның басты мақсаты - ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің жоғары репродукциялы тұқым алуға қол жеткізілуін ішінара қамтамасыз ету.
Облыс бойынша сорт алмастыру, сорт жаңарту мақсатында 2023 жылы егілген 89046 гектар күріштің 100 пайызы жоғары репродукциялы тұқыммен себіліп, түпкілікті нәтижеде сыр дихандары күріштен 503 мың тонна өнім жиналып, орта өнім гектарына 56,5 центнерді құрады.
Тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде облыс бойынша 2022 жылы егілген 78592 гектар күріш көлемі толығымен 20522,6 тонна, ал 2023 жылы егілген 89046 гектар күріш көлемі толығымен 22690,1 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымымен себілді.
Атап өту қажет, күріш егісі 2018 жылдан бері толығымен жоғарғы репродукциялы тұқыммен қамтамасыз ету нәтижесінде, күріш дақылының әр гектарынан алынатын орта өнім соңғы 5 жылда 2,0 центнерге жоғарылады.
Облысымызда шаруашылық құрылымдарын жоғары репродукциялы күріш тұқымымен қамтамасыз ету мақсатында аттестатталған 7 (жеті) тұқым шаруашылықтары жыл сайын атап айтқанда, 2022 жылы өндірген 10609 тонна күріш тұқымының 6471 тоннасын облысымыздың 102 шаруашылықтарына ал, 2023 жылы өндірген 11422 тонна күріш тұқымының 7796 тоннасы облысымыздың 85 ауыл шаруашылығы құрылымдарына жоғары репродукциялы күріш тұқымын дайындап, сатты.
2023 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша 23341,8 тонна дәнді дақыл, 123,2 тонна майлы дақыл, 314,1 тонна мал азықтық тұқымы құйылса, ал 2024 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша 23107,2 тонна дәнді дақыл, 127,1 тонна майлы дақыл, 323,6 тонна мал азықтық тұқымы құйылды.
Түпкілікті нәтижесі бойынша 2022 жылы 78592 гектарға күріш дақылы егілсе, 2023 жылы 89046 гектарға орналастырылды.
Осыған сәйкес, 2023 жылы сатып алынған (1595,0 тн.) жоғары сапалы тұқымның көлемін 2020 жылғы (2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін жоғары сапалы тұқымдарды сатып алу көрсеткіші (%-бен) 2020 жылғы деңгейге есептеледі, ҚР АШМ 10.10.2022 ж. № 317бұйрығы) сатып алынған тұқым көлемімен (2379 тонна) салыстырғанда 67 пайызды (жоспар 60%) құрады.
005 "Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагнеттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау" бағдарламасы бойынша түсіндірме
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, егістік алқаптарын зиянды организмдерден қорғау мақсатында және өндірілетін өсімдік шаруашылығы өнімінің жоғары болуы үшін пестицидтердің бағасын ішінара арзандату үшін бюджеттен 2023 жылы Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы №690 қаулысына сәйкес 723 944,0 мың теңге қаржы қаралған болатын, шаруашылық құрылымдарынан өтінім түспеуіне байланысты Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №218 қаулысына сәйкес 161 520,0 мың теңге бюджетке қайтарылды. Нақтыланған бюджетке сәйкес 562 424 мың теңге қаржы 100 пайыз толығымен игерілді.
Бөлінген 562 424,0 қаржыға 134 шаруашылық құрылымдарынан 44 984 гектар жерге пайдаланылған барлығы 80,9 мың литр пестицидтердің құнын субсидияланды.
2022 жылы 494 853,9 мың теңге қаржы бөлініп, 100 пайыз толығымен игерілді.
Бөлінген қаржыға барлығы 70 920,18 литр пестицидтердің құнын субсидияланды. Оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген 69 972 мың теңгеге барлығы 13 шаруашылық құрылымына 74452,76 гектар жерге пайдаланылған 9 710,93 литр пестицидтердің құны субсидияланды. Оның ішінде гербитокс – 150,06 литр, рейнбоу – 5344,17 литр, солито – 4 116,70 литр және элюмис – 100 литр.
Жергілікті бюджеттен бөлінген 424 881,9 мың теңгеге барлығы 119 шаруашылық құрылымына 43 146,44 гектар жерге пайдаланылған 61209,25 литр пестицидтердің құны субсидияланды. Оның ішінде гербитокс – 1995,96 л, каратэ 050 – 104,09 л, майстер пауэр – 30,0 л, рейнбоу 25 ол – 35 453,76 л, рекс дуо – 54,12 л, солито 320 – 15 828,56 л, топшот 113 – 3 449,36 л, торнадо – 3 533,80 л, ураган форте 500 – 762,60 литр.
2022 жылы бөлінген 494 853,9 мың теңгеге барлығы 70,9 мың литр пестицидтер көлемі субсидияланса 2023 жылы 525 424, мың теңгеге 80,9 мың литр пестицидтердің құны субсидияланды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып егіншілік саласын әртараптандыру жұмыстарын да қарқынды дамытып келеміз. Мал азықтық, майлы дақылдардың егіс көлемін арттырып және бақша дақылдарын өндірістік негізде егу жоспарлануда.
Түпкілікті нәтижеде көрсетілген егістікті (буды) тиімді өңдеу үшін өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындардың 50% -ын субсидиялау бойынша 0,4 мың гектар жерге жоңышқа дақылындағы карантиндік объектілерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.
008 "Басым дақылдардың өндірісін субсидиялау " бағдарламасы бойынша түсіндірме
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2023 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өткізілген (тапсырылған) өнім шығындарын ішінара өтеу мақсатында Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №153 шешімі және Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы №690 қаулысына сәйкес бюджеттен 30 863,0 мың теңге қаралды. Жыл соңында қаралған 30 863,0 мың тенге 100% толығымен игерілді.
Бөлінген қаржыға 4 шаруашылықтан өтінім түсіп, барлығы
1 605 тонна өңдеуге өткізілген дәндік жүгері дақылдары субсидияланды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына 2021 жылы өзгеріс енгізілуіне сәйкес, күріш дақылы басым дақылдар тізімінен алынып, орнына майлы дақылдар (мақсары) мен дәндік жүгері қосылды.
2022 жылы өңдеуге өткізілген мақсары және дәндік жүгері дақылының әр тоннасын субсидиялау үшін 24 992,6 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді. Бөлінген қаржыға 11 шаруашылықтан өтінім түсіп,
1 376 тонна өңдеуге өткізілген мақсары және дәндік жүгері субсидияланды.
2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы аз өтінім түсті. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің өнімдерін өңдеу кәсіпорындарына аз өткізуіне байланысты.
Бөлінген мемлекеттік қолдаудың арқасында егін шаруашылығында мақсары және дәндік жүгері дақылының егіс көлемі ұлғаюда.
Нәтижесінде, 2023 жылы дәндік жүгерінің өнімділігі 44,6 ц/гектарына құрады, жалпы жиналған өнім көлемі 5318 тонна.
014 "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау" бюджеттік бағдарламасы бойынша түсіндірме
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ауыл шаруашылығы тиімді даму үшін мелиоративтік жағдай жасау және суармалы жерлердің өнімділігін арттыруға Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №153 шешімі және Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы №690 қаулысына сәйкес бюджеттен 1 156 673,0 мың теңге қаралған болатын, шаруашылық құрылымдарынан өтінім түспеуінен Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қазандағы №51 шешімі және Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қазандағы №188 қаулысына сәйкес 181 700,0 мың теңге және Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №62 шешімі және Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №218 қаулысына сәйкес 312 797,0 мың теңге бюджетке қайтарылды. Нақтыланған бюджетке сәйкес 662 176,0 мың теңге қаралып, жыл соңында 100% толығымен игерілді.
2023 жылы бөлінген қаржы бойынша 384 шаруашылыққа барлығы 2,1 млрд. текше метр су көлеміне су жеткізіп беру бойынша көрсетілген қызметтердің құнына сәйкес 662 176,0 мың теңге субсидияланды.
Жоспарланған субсидияланатын 1,7 млрд.текше метр суармалы су көлемінің 2,1 млрд. текше метрге артық орындалуының себебі:
2023 жылы күріш егісінің көлемі 83,9 мың гектарға орналастыру болжанған. Дегенмен, статистикалық мәліметке сәйкес 89,0 мың гектарға егілді. Бұл 5,1 мың гектарға артық. Осыған сәйкес суармалы су көлемі 394 млн.текше метрге артық субсидияланды.
2022 жылы бөлінген қаржы бойынша 434 шаруашылыққа барлығы 2,6 млрд. текше метр су көлеміне су жеткізіп беру бойынша көрсетілген қызметтердің құнына сәйкес 863 393,3 мың теңге субсидияланды.
2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы шаруа қожалықтары тарапынан аз өтінім түсті. Себебі, Қағиданың субсидия алу талаптарында шаруашылықтар су жеткізіп беруші мекемеге төленген төлем құжаттарын субсидия алуға ұсынатын кезде өтінімдерінде көрсетіп, қоса жолдаулары тиіс.
Дегенмен, біраз шаруа қожалықтары «Қазсушар» РМК облыстық филиалына пайдаланылған суға төленуі тиіс төлемдерін әр жылдың 1 желтоқсанына дейін төлемегендігінен тиісті құжаттардың болмауынан субсидия алуға өтінім бере алмады.
Бөлінген мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөнінде қызметтердің құнын субсидиялау – тиімді даму үшін мелиоративтік жағдай жасалып, суармалы жерлердің өнімділігі артты.
Нәтижесінде, 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 220 860,6 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, 2022 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,7% құрады (оның ішінде, өсімдік шаруашылығы бойынша – 141 694,1 млн. теңге.
015 – «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін мамандандырылған ұйымдарға кредит беру» бағдарламасының 2023 жылы іске асырылуы туралы түсіндірме жазба
Облыс нарығын 623,0 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен (әрі қарай-ӘМАТ) қамтамасыз ету үшін 2 кәсіпкерлік субъектілеріне заем беруге «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 153 шешімін іске асыру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 690 қаулысына сәйкес 2023 жылы облыстық бюджеттен 238 256,0 мың теңге бөлінді.
2023 жылғы 14 ақпандағы №1 (облыстық экономика және қаржы басқармасы, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мен «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы арасындағы) кредит шартына сәйкес 238 256,0 мың теңге «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-на аударылды. Бұл қаржы көлемі «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы тарапынан 3 кәсіпкерлік субъектілеріне аударылды, оның ішінде «Акниет» ЖК- 20 000,0 мың тг., «Magnum Cash & Carry» ЖШС- 35 000,0 мың тг., «Рза сүт» ЖШС- 217 923,4 мың тг.
Тікелей нәтиже көрсеткішінің артық орындалу себебі ҚР Премьер-Министрі А.А. Смайыловтың төрағалығымен 24.12.2022 ж. баға тұрақтандырудың жаңа тәсілдерін іске асыру туралы өткізілген кеңес хаттамасы республикалық деңгейде ірі сауда желілеріне қарыз беру жөнінде тапсырма берілді және ҚР Сауда және интеграция министрлігімен «Magnum Cash & Carry» ЖШС-мен орталықтандырылған түрде 2023 жылдың сәуір-маусым айларына баға тұрақтандыру бойынша қарыз беру жөнінде келісім жасалды.
Осы тапсырмаға және келісімдерге сәйкес «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның айналым қаражаты есебінен 35 000,0 мың теңге қарыз қаражаты берілді.
Тікелей нәтиже көрсеткіші 3 кәсіпкерлік субъектісіне яғни, «Magnum Cash & Carry» ЖШС-не қарыз беру ҚР Үкіметімен берілген тапсырмаға сәйкес ұсынылғандықтан артық орындалды.
Қарыз алған 3 кәсіпкерлік субъектілерімен 575,4 тонна өнім көлемдері (8,2 тонна ұн, 8,4 тонна нан, 7,8 тонна рожки, 6,6 тонна қарақұмық жармасы, 7,5 тонна күріш, 2,0 тонна сиыр еті, 7,7 тонна тауық еті, 180,1 тонна сүт, 174,1 тонна айран, 17,6 тонна сүзбе, 12,5 мың дана тауық жұмыртқасы, 7,6 тонна күнбағыс майы, 19,5 тонна сары май, 47,1 тонна картоп, 19,6 тонна сәбіз, 31,6 тонна пияз, 18,7 тонна қырыққабат, 7,6 тонна қант, 3,4 тонна тұз) қамтамасыз етілуде, облыс бойынша 36 әлеуметтік дүкендер мен 17 ірі сауда орындарындағы әлеуметтік бұрыштары арқылы нарық бағасынан төмен бағада облыс тұрғындарына ұсынылды.
Бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей нәтижеге қол жеткізілді.
Бюджеттік бағдарлама бойынша түпкілікті нәтиже көрсеткіші ретінде кәсіпкерлік субъектілерімен ӘМАТ өткізу бағасы шекті мәнінен 15% асырмау жоспарланып, «2023 жылға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 06.01.2023 жылғы №2 қбпү қаулысымен бекітілген шекті мәннен 15%-дан асырылмай қамтамасыз етіліп, түпкілікті нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілді.
Бюджеттік бағдарлама бойынша 2022 жылы 2 300 000,0 мың теңге бөлініп, 22 кәсіпкерлерге қарыз беріліп, нәтижеге қол жеткізілді.Бағдарлама бойынша бөлінген қаржы «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы арқылы қайтарымды негізде берілетіндіктен бұған дейін қарыз алған кәсіпкерлерге берілген қарыз қаражаты ішінара «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-на қайтарылуда және «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-на есеп шотында айналым қаражатының болуына байланысты 2023 жылға 2022 жылға қарағанда қаражат көлемін аз бөлу жоспарланды.
018 "Пестицидтерді (улы химикаттар) залалсыздандыру" бағдарламасы бойынша түсіндірме
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі «Өсімдік қорғау туралы» Заңына сәйкес, бюджет қаражаты есебінен пестицидтерді (улы химикаттардан) залалсыздандыру үшін Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №153 шешімі және Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы №690 қаулысына сәйкес 2023 жылы бюджеттен 4 159 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен 100% игерілді.
Бөлінген 4 159 мың теңге қаржыға бюджет қаражаты есебінен алынған пестицидтерден босаған барлығы 1016,0 кг ыдыстар заласыздандырылды.
2022 жылы бюджеттен 2492,5 мың теңге қаржы бөлініп, республикалық және жергілікті бюджеттен сатып алынып, пайдаланылған пестицидтерден босаған барлығы 570,62 кг ыдыстар заласыздандырылды.
2023 жылға алдын-ала бюджеттік өтінім дайындау кезінде 4 159 мың теңгеге 751,6 кг пестицидтерден босаған ыдыстарды залалсыздандыру жоспарланған болатын.
Алайда, 2022 жылы 101 834 гектарға бюджет қаражаты есебінен зиянды және аса зиянды организмдерге, карантиндік объектілерге пайдаланылған ыдыстардың көлемі 1016,0 кг болғандығы нақтыланды. Нақтыланған 1016,0 кг пестицидтерден босаған ыдыстар бөлінген 4 159 мың теңгеге залалсыздандырылды.
2023 жылы бөлінген қаржы 2022 жылмен салыстырғанда 1 666,5 мың теңге көбейді. Себебі 2023 жылы 1 кг ыдысты залсыздандыруға кететін шығындардың қаржысы (жанар-жағармай, жалақы, техникалық бөлшектер және т.б) 2-3 есеге қымбаттады.
Пестицидтерден босаған ыдыстарды залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу, ауылдық аймақтарды, елді мекендердің улы заттармен залалданбауына және қоршаған ортаның бүлінбеуіне қол жеткізуге, ауылдық елді мекендердің, ауыл тұрғындары тұрмысының қажетті деңгейіндегі тіршілікті қамтамасыз етуге жеткізеді.
Нәтижесінде қоршаған ортаның бүлінбеуіне және улы заттармен залалданбауына жол бермеу мақсатында, пестицидтерден босаған 1016,0 кг ыдыстар 100%-ға залалсыздандырылды.
029 "Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянды организмдеріне қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар" бағдарламасы бойынша түсіндірме
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 «Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және ауылдық аймақтарды, елді мекендер мен олардың маңайындағы көп жылдық шөптерді, шабындықтарды, жайылымдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестен аман сақтап қалу мақсатында Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №153 шешімі және Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы №690 қаулысына сәйкес 2023 жылы бюджеттен 343 715 мың теңге қаржы бөлінді. Жыл соңына мемелекетттік сатып алу қорытындысы бойынша үнемделген 0,2 мың теңге қаржы бюджетке қайтарылды. Нақтыланған бюджетке сәйкес 343 714,8 мың теңге толығымен 100% пайызға игерілді.
Бөлінген қаржы 100% игеріліп, оған барлығы 46 448 гектар жерге саяқ шегіртке зиянды организмне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген химиялық өңдеу жұмыстарына 2009,97 литр пестицидтер жұмсалды.
2022 жылы бюджеттен 157 005,7 мың теңге қаржы бөлінді.
Бөлінген қаржы 100% игеріліп, оған барлығы 46 728 гектар жерге саяқ шегіртке зиянды организмне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген химиялық өңдеу жұмыстарына 4840,5 литр пестицидтер жұмсалды.
2022 жылы химиялық өңдеуге 4840,5 литр пестицидтер пайдаланса, 2023 жылы 2009,97 литр пестицидтер пайдаланылды. 2022 жылмен салыстырғанда 2830,53 литрге аз.
Себебі, 2022 жылы 1 гектарға пайдаланылатын пестицидтердің себу нормасы пиларкинг 0,06 г/л және ахиллес 0,15 г/л болса, 2023 жылы ацет 0,045 г/л және ахиллес 0,06 г/л болып отыр. Осыған сәйкес, 1 гектарға пайдалану нормасының аз болуына пайдаланылған пестицидтер көлеміде аз.
2023 жылы химиялық өңдеу жұмыстарына кететін шығындар 2-3 есе қымбаттады. Атап айтқанда жұмыс орнындағы шығыстар, ұйымдастырумен және қамтамасыз ету (жанар-жағармайды жеткізумен сақтау, сумен қамтамсыз ету), жалпы өндірістік шығындар (техникалық бөлшектер, тасымалдау шығындаы, техникалық аренда, қызмет корсету (ремонт)) және препараттар бағасы.
Химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу ауылдық аймақтарды, елді мекендер мен олардың маңындағы көп жылдық шөптерді, шабындықтарды, жайылымдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестен аман сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Нәтижесінде зиянды организмдермен залалданған болжамды көлемдерді 100%-ға химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу арқылы ауылдық елді мекендердегі ауыл тұрғындары тұрмысының қажетті деңгейіндегі тіршілікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден қорғау арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етілді.
035- «Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру» бағдарламасының 2023 жылы іске асырылуы туралы түсіндірме жазба
Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру мақсатында 2927,0 тонна өнім көлемдерімен (671,7 тонна картоп, 199,3 тонна сәбіз, 138,6 тонна пияз, 99,8 тонна қырыққабат, 935,7 тонна ұн, 128,2 тонна қарақұмық жармасы, 147,3 тонна қант, 356,5 тонна өсімдік майы, 249,5 тонна рожки) толықтыру үшін «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 153 шешімін іске асыру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 690 қаулысына сәйкес 2023 жылы облыстық бюджеттен 901 688,0 мың теңге бөлінді.
Басқарма мен «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы арасындағы 2023 жылғы 20 ақпандағы № 20/02/204 келісім шарттарға сәйкес 901 688,0 мың теңге «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-на аударылды.
Бөлінген қаржы көлеміне «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы тарапынан 2927,0 тонна өнім көлемін сатып алынды, оның ішінде, 1199,7 тонна ұн (Қостанай қаласы, «Қазақ ұны» ЖШС, «Адал ЛТД» ЖШС), 60,2 тонна сәбіз («Алтайбаев» ЖК, «Уразходжаева» ЖК), 214,4 тонна пияз («Алтайбаев» ЖК, «Уразходжаева» ЖК), 72,1 тонна қырыққабат («Алтайбаева» ЖК, «Уразходжаева» ЖК), 135,5 тонна картоп («Алтайбаев» ЖК, «Уразходжаева» ЖК, К/Х «Елеусіз ата»), 220 тонна күнбағыс майы («УМЗ» ЖШС), 945 тонна күріш («Жан Арай» ЖШС, «Жаңа жол» ЖШС, «Байдалиев» ЖК), 80 тонна тұз (Арал тұз» АҚ) сатып алынып, облыс бойынша 36 әлеуметтік дүкендер мен 17 ірі сауда орындарындағы әлеуметтік бұрыштарда нарық бағасынан төмен бағада өңір тұрғындарына өткізілді.
Бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей нәтижеге қол жеткізілді.
Бюджеттік бағдарлама бойынша түпкілікті нәтиже көрсеткіші ретінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын ресми нарықтық бағадан 10% немесе одан да көп пайызға төмен бағада өткізу белгіленіп, өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынған өнімдер ресми статистикалық бағадан 10% немесе одан көп пайызға төмен бағада өткізіліп, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді.
2022 жылы бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 000 000 мың теңге бөлініп, 5822 тонна өнім көлемдері, оның ішінде 3842 тонна ұн (Қостанай қаласы, «Alatau Agro Trade» ЖШС), 300 тонна қарақұмық жармасы («Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ), 80 тонна макарон («Корона Trade» ЖШС), 200 тонна сәбіз («Алтайбаев» ЖК, «Хан» ЖК), 100 тонна пияз («Марасулов» ЖК), 200 тонна қырыққабат («Ынтымақ» ШҚ), 200 тонна картоп («Ер-Али» ШҚ, «Болатова» ЖК), 500 тонна күнбағыс майы («УМЗ» ЖШС), 300 тонна қант («Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, Көксу қант зауыты), 100 тонна күріш («Абзал и К» ТС) сатып алынған болатын.
2023 жылы бюджеттік бағдарлама бойынша 2022 жылға қарағанда қаржы аз бөлінгендіктен және жыл сайынғы нарықтағы баға өзгерісіне байланысты 2023 жылы сатып алынған өнім көлемдері 2022 жылға қарағанда аз сатып алынды.
2023 жылға 045 «Тұқымдық және отырғызу материалының сұрыптық және егістік сапасын анықтау» бағдарламасына түсіндірме жазба
"Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылдың 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-ші тармағының 8-6) тармақшасына сәйкес әзірленген "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4-2/616 бұйрығымен бекітілген "Тұқымдардың, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргізу қағидаларына" сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің себуіне арналған ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымының сапасын анықтау үшін Қызылорда облысы мәслихатының 11 тамыз 2023 жылғы № 37 шешіміне, Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 140 қаулысына сәйкес облыстық бюджеттен 2023 жылдың қазан-желтоқсан айларына 7238,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға «Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ-ның облыстағы филалына облыс бойынша 140 шаруашылық құрылымдарынан тұқым сапасын зерттеуге түскен өтінімдеріне сәйкес, барлығы 15772,3 тонна ауыл шаруашылығы дақылдары (күріш-14678,7тн, арпа-6,6 тн, бидай-1021 тн, соя-0,11 тн, мақсары-16 тн, жоңышқа-49,9 тн) тұқымдарына 2585 бірлік зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Бағдарламаның басты мақсаты - аттестатталған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің, мемлекеттік сортсынау учаскелері мен станцияларының, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егетін, сататын тұқымдарының егу сапасын анықтау болып табылады.
Облыс орталығында «Қазақстан аграрлық сараптамасы» акционерлік қоғамының облыстық тұқым сараптау зертханасы және 6 (алты) ауданда тұқым сараптау зертхана бөлімшелері жұмыс жасайды.
Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымдарының сапасына сараптама жасау қолданыстағы ұлттық стандарттарға сәйкес, өнгіштігі, ылғалдылығы, 1000 дәннің салмағы, тазалығы, ауруға шалдығуы, зиянкестермен залалдануы көрсеткіштеріне жүргізіледі.
Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша 2024 жылдың егісіне пайдалану үшін 21304 тонна күріш, 938,5 тонна жаздық бидай, 736 тонна күздік бидай, 49,4 тонна арпа, 10,8 тонна тары, 0,9 тонна сұлы, 67,6 тонна дәндік жүгері, 5,6 тонна күнбағыс, 108 тонна мақсары, 13,5 тонна соя, 21,8 тонна сүрлемдік жүгері және 298 тонна жоңышқа тұқымы құйылды.
Осы құйылған тұқымның «Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ Қызылорда облыстық филиалының 31.12.2023 жылғы мәліметі бойынша тексеруге түскен 14725,5 тонна күріш тұқымының себу дәрежесіне жеткені 1327,5 тонна (9%). Оның ішінде, 19,5 тоннасы 1-класс, 700 тоннасы 2-класс, 608 тоннасы 3-класс. Тексеруге түскен 357 тонна жаздық бидай тұқымының себу дәрежесіне жеткені 342 тонна 2 класс (96%), 21 тонна жоңышқа тұқымының себу дәрежесіне жеткізілгені 8 тонна (38%) 3- класс, ал 12 тонна мақсары тұқымы 100 пайыз себу дәрежесіне жеткізілмеген.
Сонымен қатар, 553 тонна күздік бидай, 0,6 тонна арпа тұқымы 100 пайыз себу дәрежесіне жеткізілді. Көктемгі егіске себілетін тұқымды тазалау жұмыстары жалғасын табуда.
Сараптамалық тексерудің нәтижесінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егіске дайындаған тұқымдарының себу дәрежесіне жеткізілгендігі анықталады және жоғары репродукциялы сапалы тұқымын егуге қол жеткізіп, мол өнім алатын болады.
Атап айтсақ, 2023 жылы егілген 89046 гектар күріштің 100 пайызы жоғары репродукциялы тұқыммен себіліп, түпкілікті нәтижеде сыр дихандары күріштен 503 мың тонна өнім жиналып, орта өнім гектарына 56,5 центнерді құрады.
Осыған сәйкес, 2024 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша күріштің 21304 тонна күріштің жоғары репродукциялы тұқымы құйылды. Оның ішінде құйылған күріш тұқымының 25 тоннасы (0,11%) көбейтілген тұқым, 48,4 тоннасы (0,22%) супер элита, 448,5 тоннасы (2,1%) элита, 8149,1 тоннасы (38,2%) І - репродукциялы тұқым, 10150 тоннасы (47,6%) ІІ - репродукциялы тұқым, 2483 тоннасы (11,6%) ІІІ - репродукциялы тұқымды құрады.
046 "Тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол - құрылыс машиналары мен тетіктерін мемлекеттік есепке алуға және тіркеу" бағдарламасы бойынша түсіндірме
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 және № 4-3/270 Бұйрықтарына сәйкес, тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін мемлекеттік есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыру үшін Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №153 шешімі және Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы №690 қаулысына сәйкес бюджеттен 2023 жылы 4 481,0 мың теңге қаржы бөлінген болатын, мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша үнемделген 173,2 мың теңге қаржысын, Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №62 шешімі және Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №218 қаулысына сәйкес бюджетке қайтарылды. Нақтыланған жоспарға сәйкес 2023 жылға 4 307,8 мың тенге қаржы қалыптасып, жыл соңына толығымен 100%игерілді.
Қалған қаржыға барлығы 3131 дана арнайы өнімдер сатып алынды. Оның ішінде; тракторист-машинист куәлігі 820 дана, мемлекеттік тіркеу нөмірі (ГРНЗ) 920 дана, мемлекеттік кепіл тіркеу куәлігі 100 дана, 1291 дана техникалық паспорт. 2022 жылмен салыстырғанда 164 дана арнайы өнім кем алынды. Себебі, аудан (қала) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінен сұраныс аз түсті.
2022 жылы 3 172,2 мың тенге қаржы қалыптасып, 3295 дана ауыл шаруашылығы, арнайы және жол құрылысы техникаларына мемлекеттік белгі, тракторист-машинист және техникалық паспорттар сатып алынды.
Ауыл шаруашылығы, арнайы және жол құрылысы техникаларын мемлекеттік тіркеу нөмерін, тракторист-машинист куәлігін және техникалық паспорттар беру арқылы, оларды есепке алуға, тіркеуге және тиісті есептерді жүргізуге мүмкіндік береді.
Нәтижесінде, тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін мемлекеттік есепке алу және тіркеу 3 пайызға қамтамасыз етілді.
047 "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" бағдарламасы бойынша түсіндірме жазба.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, егістік алқаптарын тыңайтқыштармен қамтамасыз етуді және өндірілетін өсімдік шаруашылығы өнімінің сапа көрсеткіштері жоғары болуы үшін минералды тыңайтқыштың бағасын ішінара арзандату үшін бюджеттен 2023 жылы Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы №690 қаулысына сәйкес 2 341 152,0 мың теңге қаржы қаралған болатын, шаруашылық құрылымдарынан өтінім түсуіне байланысты Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қазандағы №188 қаулысына сәйкес 948 185,2 мың теңге және Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №218 қаулысына сәйкес 231 737,0 мың теңге қаржы бөлінді. Нақтыланған бюджетке сәйкес 3 521 074,2 мың теңге қаржы 100 пайыз толығымен игерілді.
Бөлінген қаржыға 338 шаруашылық құрылымдарына 113 375 гектар жерге күріш, бидай, дәндік және сүрлем жүгерілері және мал азықтық дақылдарға пайдаланылған (үстеп қоректендіруді қоса алғанда) барлығы 40,5 мың тонна тыңайтқыштардың құнын субсидияланды.
2022 жылы 2 235 372 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді.
Бөлінген 2 235 372 мың теңгеге барлығы 33 471,729 тонна минералды тыңайтқыштардың құны ішінара арзандатылды. Оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген 108 900 мың теңгеге барлығы 12 шаруашылық құрылымына 1 830,951 тонна минералды тыңайтқыштардың құнын субсидияланды. Оның ішінде аммофос – 5,2 тонна, карбамид – 437,884 тонна және аммоний сульфаты – 1 387,867 тонна.
Жергілікті бюджеттен бөлінген 2 126 472 мың теңгеге барлығы 244 шаруашылық құрылымына 31 640 778 тонна (литр) тыңайтқыштардың құны субсидияланды. Оның ішінде аммофос – 3 405,783 тонна, карбамид – 8 210,598 тонна, сульфат аммоний – 16 727,17 тонна, нитроаммофоска – 64,643 тонна, аммиак селитрасы – 3 090,954 тонна, атланте плюс – 9,374 литр, келик – 0,5 литр, фосфорлы-калий – 131,756 тонна.
2022 жылы 256 шаруашылық құрылымдары субсидия төленсе, 2023 жылы 338 шаруашылық құрылымдарына субсидия төленді,яғни 82 шаруашылық құрылымы артық.
Себебі 2023 жылы егілген күріш дақылы 2022 жылмен салыстырғанда 10,4 мың гектарға артық егілген
Бұл дегеніміз, мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып егіншілік саласын әртараптандыру дамыту жұмыстар жүргізілуде. Мал азықтық, майлы дақылдардың егіс көлемін арттырып және бақша дақылдарын өндірістік негізде егу жұмыстары жүргізілуде.
Түпкілікті нәтижеде көрсетілгендей минералды тыңайтқыштарды субсидиялау көлемі 2023 жылы- 71,5 пайызбен жоспарланған болса, нақты 84,5 пайызды құрады. Тыңайтқыштарды субсидилау көлемдерінің артуы, облыстың басты дақылы күріш көлемінің артуы.
2023 жылға арналған 050- « Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» бюджеттік бағдарламаға түсіндірме жазба
Бағдарламаның Нормативтік құқықтық негізі Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын іске асыру болып табылады.
Инвестициялық субсидиялаудың мақсаты - капиталды көп қажет етуді төмендету және салынған инвестициялардың өтемділігін арттыру жолымен АӨК-нің басым бағыттарында (секторларында) инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.
2022 жылы инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешені субъектісі шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау бюджеттік бағдарламасына республикалық бюджеттен 1 103 461,0 мың теңге бөлініп, 243 өтінімге 1 103 461,0 мың теңге төленіп, (100%) игерілді.
Оның ішінде:
№1. «Ауыл шаруашылығы техникасын, машиналары мен жабдықтарын сатып алу» паспорты бойынша -147 өтінімге 534 720,0 мың теңге;
№1.1 «Басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын сатып алу» паспорты бойынша 30%, (Қазақстанда шығарылған) – 48 өтінімге 308 421,0 мың теңге;
№11. «Су алу және жеткізу инфрақұрылымын құру және кеңейту арқылы су үнемдейтін суару технологияларын енгізу» паспорты бойынша – 4 өтінімге 98 000,0 мың теңге;
№4. «Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен (құдықтар, ұңғымалар) қамтамасыз ету» паспорты бойынша – 42 өтінімге 127 720,0 мың теңге;
«2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы «Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 желтоқсанындағы №153 шешімімен №690 қаулысында 1 871 492,9 мың тенге бөлінген болатын, алайда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсанындағы № 62 шешімі және 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №218 қаулысына сәйкес 99 409,9 мың теңге кері қайтарылды.
Себебі, №28.«Дәнді дақылдарды тереңдете өңдеп өнімдер өндіру жөніндегі кәсіпорындарды құру және кеңейту» паспорты бойынша 4 өтінім күтілген болатын алайда, шаруашылықтардың ЖШС «Углесбыт», ЖШС АВ АГРО, ЖШС «Асыл Дан» ЛТД , ЖШС «Jankent Agro» өтінім түспеуіне байланысты артық ақша кері қайтарылды.
2023 жылға жалпы 1 772 083,1 мың теңге қаражат қаралды, қағида талаптарына сәйкес 295 өтінімге 1 743 228,5 мың теңге (98,4 %) төленді.
Оның ішінде:
№1.«Ауыл шаруашылығы техникасын, машиналары мен жабдықтарын сатып алу» паспорты бойынша - 171 өтінімге 727 664,5 мың теңге;
№1.1.«Басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын сатып алу» паспорты бойынша 30%, (Қазақстанда шығарылған) – 41 өтінімге 349 264,0 мың теңге;
№4.«Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен (құдықтар, ұңғымалар) қамтамасыз ету» паспорты бойынша - 80 өтінімге 416 000 мың теңге;
№6.«Сүтті бағыттағы ірі қара мал/ешкі өсіруге арналған объектілерді құру және кеңейту» паспорты бойынша – 1 өтінімге 3 600,0 мың теңге;
№11.«Су алу және жеткізу инфрақұрылымын құру және кеңейту арқылы су үнемдейтін суару технологияларын енгізу» паспорты бойынша – 1 өтінімге 2 800,0 мың теңге;
№13.«5 гектардан басталатын қарқынды алма бағын отырғызу» паспорты бойынша – 1 өтнімге 243 900 мың. теңге субсидия төленді.
Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижесі субсидиялаумен қамтылған инвестициялық жобалардың саны жоспар бойынша 297 жоба, нақты іс жүзінде 295 жобаға субсидия төленді.
Бөлінген қаржының толық игерілмеу себебі: 05.12.2023 жылы Қағиданың талабына сәйкес 2 өтінімге аванстық төлем бойынша «КазАгроҚаржы» АҚ-ға төленген қаржы 25.12.2023ж басқарманың шотына қайтып келді. Сомасы 28 855,0 мың теңгеге өтінім тапсырған 2 шаруа қожалық келісім-шарт талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде уақытылы ауыл шаруашылығы техникасын алмауына байланысты қаржы қайтарылған. Яғни, (№1. «Ауыл шаруашылығы техникасын, машиналары мен жабдықтарын сатып алу» паспорты бойынша) КХ «NurMuslim» 2023 жылдың қараша айының 22-де және КХ «АГРОТЕХНОЛОГИЯ» 2023 жылдың 20-қараша өтінім берген.
Инвестициялық салымдар кезіндегі агроөнеркәсіптік кешен субьектісінің шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу субсидиялау бағдарламасы 34 бағдарлама бар. 2022 жылға шаруашылықтардан 5 бағдарлама бойынша өтінім түссе, 2023 жылы 6 бағдарлама бойынша өтінім келіп түсті.
Субсидиялау, ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің техника, машиналар мен жабдықтарын сатып алуға, мал шаруашылығымен айналысатын шауашылықтарға құдықтар мен ұңғымалардың қазылуы, су мәселелерінің жеңіл шешілуіне септігін тигізіп жатыр.
Атап айтқанда,
алу» паспорты бойынша - 147 өтінімге 534 720,0 мың теңге болса ,
2023 жылы №1.«Ауыл шаруашылығы техникасын, машиналары мен жабдықтарын сатып алу» паспорты бойынша - 171 өтінімге 727 664,0 мың теңге көбейді.
(24 өтінімге немесе 14%-ға, сомасы 192 944,0 мың теңгеге немес 26,5%-ға ұлғайды).
2023жылы №4.«Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен (құдықтар, ұңғымалар) қамтамасыз ету» паспорты бойынша -80 өтінімге 416 000,0 мың тенгеге ұлғайды.
(76 өтінімге немесе 95%-ға, сомасы 318 000,0 мың теңгеге немес 76%-ға ұлғайды)
2023 жылы №1.1. «Басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын сатып алу» паспорты бойынша 30%, (Қазақстанда шығарылған) – 41 өтінімге 349 264,0 мың теңге;
(7 өтінімге немесе 17%-ға азайған, сомасы 40 843,0 мың теңгеге немес 11,7%-ға ұлғайды)
2023 жылы №11. «Су алу және жеткізу инфрақұрылымын құру және кеңейту арқылы су үнемдейтін суару технологияларын енгізу» паспорты бойынша – 1 өтінімге 2 800,0 мың теңге.
(1 өтінімге азайса, сомасы 95 200,0 мың теңгеге азайған )
Бюджеттің бағдарламаның түпкілікті нәтижесі – инвестициялық субсидиялау есебінен тартылған инвестиция көлемі 12 176 635,0 мың теңге. Субсидиялауға жататын жобалар бойынша жеке инвестициялар көлемінің ұлғаюына байланысты жоспар артық орындалды. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына құйылған инвестициялардың субсидиямен қамтылған жобалар саны 2022 жылы 243 жоба болса, 2023 жылы 295 жобаға (қамтылған жобалар 17,6% соммасы -36,7%) ұлғайды.
053 «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша 2023 жылы төленген субсидия туралы бюджеттік бағдарламаға түсіндірме
Бағдарламаның нормативті құқықтық негізі ҚР ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын іске асыру болып табылады.
Мал шаруашылығын қолдау 2023 жылға арналған облыстық бюджетте көзделген қаражат шегінде бюджеттік субсидиялар беру тәртiбiн айқындайды .
Бұл мақсатқа 2023 жылға «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №153 шешімін іске асыру туралы Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы №690 қаулысына сәйкес жергілікті бюджеттен 4 575 525,0 мың теңге бөлінді.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қазандағы №188 қаулысымен 732 280,0 мың теңге өтінімдердің түспеуіне байланысты бюджетке кері қайтарылды. Сонымен қатар, Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №218 қаулысымен 172 320,0 мың теңге қаржы бөлініп, 4 015 565 теңге болып нақтыланып, оның 3 718 269,5 мың теңгесі игерілді. 297 295,5 мың теңге түскен өтінімдердің дұрыс болмауына байланысты игерілмеді.
053015 кіші бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері:
Осы қаржы 47,9 мың бас МІҚ аналығына селекциялық жұмыстарын жүргізуге, 205,5 мың бас қой малына селекциялық және асыл тұқымды жұмыстар жүргізуге, 2,1 мың бас отандық асыл тұқымды МІҚ, 47,9 мың бас қой сатып алуға, 0,003 мың бас жылқы сатып алуға, 1,45 мың тонна бұқашықтар құнын арзандатуға, 12,4 мың бас қозы өткізуді арзандатуға, 2,3 мың доза бұқа ұрығын сатып алуға, 0,8 мың бас МІҚ аналығын қолдан ұрықтандыруға, 11 мың бас жұмыртқа бағытындағы балапан сатып алуға, 5,9 мың тн сүт, 0,125 мың тн қымыз бен 0,144 мың тн шұбатты өз өндірісінде өндіріп сатқаны үшін және 1,436 мың бас сүтті МІҚ аналығын күтуге жұмсалған ірі және шырынды азық, құрама жем, жем қоспаларын дайындау немесе сатып алу шығындарын арзандатуды және 2022 жылғы күту парағына түскен өтінімдер бойынша 0,268 мың бас МІҚ аналығына селекциялық жұмыстарын жүргізуге, 17,2 мың бас қой малына селекциялық және асыл тұқымды жұмыстар жүргізуге, 0,044 мың бас отандық асыл тұқымды МІҚ, 4,6 мың бас қой сатып алуға, 1,3 мың тонна бұқашықтар құнын арзандатуға, 1,49 мың бас қозы өткізуді арзандату және 1,158 мың бас сүтті МІҚ аналығын күтуге жұмсалған ірі және шырынды азық, құрама жем, жем қоспаларын дайындау немесе сатып алу шығындарын арзандатуды субсидиялауға жұмсалды.
2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыспен қамтылған қой саны 6,5 %-ға, сатып алынған қой саны 7,0%-ға, қозы өткізу 50,9%-ға, бордақылауға өткізілген бұқашықтар кг-ы 2 есеге артып, МІҚ аналығына селекциялық жұмыстарын жүргізу, отандық асыл тұқымды МІҚ сатып алу, бұқа ұрығын сатып алу, МІҚ аналығын қолдан ұрықтандыру, жұмыртқа бағытындағы балапан сатып алу, сүт өндіру, қымыз бен шұбатты өз өндірісінде өндіріп сату және сүтті МІҚ аналығын күтуге жұмсалған ірі және шырынды азық, құрама жем, жем қоспаларын дайындау немесе сатып алу шығындарын арзандату бағыттары бойынша түскен өтінімдердің дұрыс болмауына байланысты көрсеткішке қол жеткізілмеді.
2023 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға облыстың 736 шаруа қожалығына субсидия төленді.
Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесі:
Ірі қара малдың орташа тірі салмағының көрсеткіштері 2024 жылдың мамыр айында жылдық статистикалық есеппен шығу жоспарлануда.
056 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» бюджеттік бағдарламасына түсіндірме жазбасы
Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы:
056 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау».
Нормативтік құқықтық негізі:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығы.
Субсидия төлеудің басты мақсаты мен міндеті:
Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау жүйесін реформалауға байланысты, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру мақсатында, ынталандырмайтын субсидиялар мен мемлекеттік шығыстардан қаражаттарды анағұрлым тиімді мемлекеттік қолдау түрлеріне бағыттау жүргізілуде.
Іске асырылуы:
2023 жылы Ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы және технологиялық жабдығын сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бюджеттік бағдарлама бойынша 2022 жылғы 19 желтоқсандағы №690 қаулысына сәйкес облыстық бюджеттен 2 848 288,0 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаржы толығымен (100%) игерілді.
Бағдарламаның тікелей нәтиже көрсеткіші бойынша бөлінген қаржыға 200 АӨК субъекті саны қатысады деп жоспарланған болатын. Нақты қатысушылар саны 242 бірлікті құрап, жоспар 121,0 % орындалды. Жоспардың артық орындалуы АӨК субъектілерінің қаржылық қызметтерге қолжетімділігінің артуынан және ұсыныстардың көп түсуінен болып отыр.
Осыған байланысты, 2022 жылмен салыстырғанда субсидиялауға қатыскан АӨК субъектілер саны 14 бірлікке көбейген (2022 ж - 228 бірлік).
Нәтижесінде бөлінген қаражат шеңберінде субсидиялаумен жобалардың көбірек санын қамтуға мүмкіндік берді. Жалпы қабылданған ұсыныс саны - 277.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді техника, ауыл шаруашылығы малдары және технологиялық жабдықтар сатып алуға ынталандыру, бұл ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Бағдарламаның түпкілікті нәтиже көрсеткіші бойынша ауыл шаруашылығына салынатын инвестиция көлемін 102 пайызға арттыру жоспарланып, субсидиялауға жататын жобалар бойынша жеке инвестициялар көлемінің ұлғаюына байланысты жоспар 17,4 пайызға (119,4%) артық орындалды.
065- «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бағдарламасының 2023 жылы іске асырылуы туралы түсіндірме жазба
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Микроқаржы қызметтерінің мәселелері туралы Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 7 маусымдағы № 39 Қаулысына сәйкес микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйым үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері: 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап 150 000 000 (жүз елу миллион) теңге, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 200 000 000 (екі жүз миллион) теңге болып бекітілген.
Қызылорда облысы мәслихатының 13.12.2023 жылы №62 шешімі, Қызылорда облысы әкімдігінің 14.12.2023 жылы №218 қаулысымен «Atameken Qyzylorda» МҚҰ ЖШС-нің жарғылық капиталын ұлғайтуға 28 000,0 мың теңге бөлініп, МҚҰ есеп шотына толығымен аударылды.
077- «Ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау» бюджеттік бағдрламасына арналған түсіндірме жазба
1) Бюджеттік бағдарламаның атауы:
Ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау
2) есепті жылдағы төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы:
Бюджеттік бағдарлама бойынша «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 153 шешімін іске асыру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 690 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі №61 қаулысына сәйкес 254 205,0 мың теңге бөлінген болатын.
Осыған сәйкес 2023 жылдың қазан-желтоқсан айларына өңірде әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру үшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-нан 3 631,8 тонна астық бөлініп, осы астықты өткізу кезінде «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның шығыстарын субсидиялауға қаралған қаржы «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 153 шешімін іске асыру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 690 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 қарашадағы №205 қаулысына сәйкес 90774,0 мың теңгеге кеміді.
Себебі 2023 жылдың жаз мезгілдерінде республика нарығында астық бағасы төмен қалыптасып ұн өндіруші кәсіпорындармен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-нан бөлінетін астыққа сұраныс болмағандықтан және 2023 жылдың күз мезгілінде еліміздің солтүстік өңірлерінде жауын-шашынның шамадан тыс көп түсуі салдарынан нарықта астық бағасы жоғарылауынан бірінші сортты бидай ұнының бағасы жоғарылағандықтан тиісті қаржы жылының соңғы 3 айына астық бөлінді.
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-нан бөлінген астық көлемі облыстың ұн өндіруші кәсіпорны ретінде айқындалған «Қазақ ұны» ЖШС-мен толықтай сатып алды.
«Қазақ ұны» ЖШС-і 3 631,8 тонна астықты өндеп, 2 542,3 тонна ұн түрінде «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-на кезең-кезеңімен жеткізілуде. «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы жеткізілген ұн көлемдерін облыстағы ірі 23 наубайханаларға таратуда. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның 3 631,8 тонна азық-түлік астығын сату кезінде шеккен шығыстарын субсидиялау үшін республикалық бюджеттен 163 431,0 мың теңге бөлініп, жыл соңында бөлінген қаржы толығымен игерілді.
3) бюджеттік бағдарламаның нәтиже көрсеткіштері:
Бюджеттік бағдарламаның тікелей көрсеткіші бойынша «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-нан 3 631,8 тонна астық (ұн түрінде-2542,3 тонна) бөлінуі жоспарланып, белгіленген астық көлемі толығымен алынып, облыс әкімдігімен белгіленген ұн өндіруші кәсіпорынмен өнделуде.
Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті көрсеткіші бойынша ұн өндіруші кәсіпорынмен 3631,8 тонна астықтан 70% шығымымен есептегенде 2542,3 тонна ұн өнделуде. «Қазақ ұны» ЖШС-і өңделген 2542,3 тонна ұнды «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-на кезең-кезеңімен жеткізуде. Осы ретте, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы жеткізілген ұн көлемдерін облыстағы ірі 23 наубайханаларға таратуда.
Нәтижесінде «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-нан арзандатылған астықтың берілуі өңірде әлеуметтік бөлке нанның орташа бағасын 97 теңге мөлшерінде қалыпты ұстауға мүмкіндік берді.
2022 жылы «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның 12 143,8 тонна азық-түлік астығын сату кезінде шеккен шығыстарын субсидиялау үшін республикалық бюджеттен 303 595,0 мың теңге бөлініп, жыл соңында бөлінген қаржы толығымен игеріліп, көрсетілген астық көлемі облыстың ұн өндіруші кәсіпорны ретінде айқындалған «Alatau Agro trade» ЖШС-мен толықтай сатып алынды.
2023 жылы еліміздің солтүстік өңірлерінде жауын-шашынның шамадан тыс көп түсуі салдарынан алынған астық сапасы төмен қалыптасып, нарықта 2022 жылғы сапасы жақсы астық бағасының жоғарылауына одан әрі ұн бағасының өсуі орын алды.
087- «Ауыл халқының кірістерін арттыру жөніндегі жобаны ауқымды түрде қолдану үшін ауыл халқына микрокредиттер беруге кредит беру» бағдарламаласының 2023 жылы іске асырылуы туралы түсіндірме жазба
Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты - ауыл халқының табысын арттыруға арналған жобалар бойынша ауыл тұрғындарына шағын несие беру.
Аталған жоба аясында облысқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы №987 қаулысы, Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №153 шешімі және Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы №690 қаулысына сәйкес бюджеттен 2023 жылға 3 000 000,0 мың. теңге қаржы бөлінді.
Негізгі 5 бағыт анықталды, атап айтқанда ауыл шаруашылғы өнімдерін өңдеу, ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту (техника және құрал жабдық сатып алуға), өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және басқа да бағыттар.
Жалпы 3 000 000,0 мың. теңгеге 406 жоба несиелендірілді, оның ішінде 33 кооператив және 373 жеке кәсіпкерлерге берілді. Берілген несиелер бойынша 713 жұмыс орындары ашылатын болады.
Оның ішінде бағыттар бойынша: ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша - 22 жоба 271,7 млн. теңге (9,1%), егін шаруашылығы - 41 жоба 303,5 млн. теңге (10,1%), мал шаруашылығы - 105 жоба 840,3 млн. теңге (28,0%), техника мен жабдықтарды сатып алу - 48 жоба 382,3 млн. теңге (12,7%), басқа да бағыттағы бизнес жобалар –190 жоба 1 202,2 млн. теңге (40,0%).
Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтиже көрсеткіші бойынша 600 микрокредит беру жоспарланып, нақты 406 микрокредит берілді. Тікелей көрсеткіштін орындалмауы бағдарламаға жоспрадан тыс ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қатысуынан болып отыр. Бұл ретте, 33 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері қатысып (жоспар 16), 716 млн. теңгеге несиелендірілді. Кооперативтер үшін микрокредит нормативі 8,0 мың АЕК құрайды, ал жеке кәсіпкерлер үшін 2,5 мың АЕК.
Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтиже көрсеткіші бойынша 636 жұмыс орындарын ашу жоспарланып, нақты 713 жұмыс орны ашылды.
Осы ретте, құрылған кооперативтер есебінен бағдарламаның түпкілікті нәтижесі 12,1 пайызға артық орындалды.