Ауданымызда егін егу науқаны жоспарға сай жүзеге асырылып, әлі де көктемгі дала жұмыстары жалғасуда.
Өз кезегінде, Райым ауылдық округі, Қызылжар елді мекенінің тұрғындары егістікке жер жырту жұмыстарын бастады.
Жер жырту жұмыстарына қажетті техниканы «Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау» мекемесі бөліп, қолдау білдірді. Сондай-ақ, елді-мекен тұрғындары бұл жұмыспен шектелмей, алдағы уақытта бақшалық дақылдар егу үшін көктемгі дала жұмыстарын жалғастырмақшы.
Оған қоса, Сексеуіл кентінде 10 гектар жерге подпленка және тамшылатып суару әдісімен жеке кәсіпкер А. Боханов бақша дақылдарының өнімділігі жоғары сорттарын, оның ішінде қарбыздың ницца, атаман, холор, блэйд, китано сорттары және қауынның күләбі, әміре, красная москва, торпедо, сорттарын орналастырды.
Бүгінгі күнге, аудан бойынша 258 гектар жер жыртылып, әлі де егістік жерлерді жырту жұмыстары жүргізілуде.