Жас жайдарманшылар жеңіс жолында

Жас жайдарманшылар жеңіс жолында

Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-сі мен «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ «Қызылорда КВН» филиалының ұйымдастыруымен «Тіл қылыштан да өткір...» атты жайдарман сайысы өткізілді. Аталмыш сайыста аудан намысын қорғаған «11-лер» командасы жүлделі III орынды иеленді.

Сайысқа республикалық деңгейдегі Түркістан, Астана қалаларының және өңірлік командалар қатысты.

Мектеп түлектерінен құралған «11-лер» командасы 30 сәуір күні Қызылорда қаласында өтетін облыстық суперлига ойындарының финалында сайысқа түсетін болады. 

Мұнымен қоса, мектеп оқушыларынан құралған «Дарын» командасы 26 сәуір күні Алматы қаласында өтетін республикалық “Junior” мектеп лигасы ойындарында өнер көрсетеді.

Жас жайдарманшылар аудандық оқушылар үйінің «Жайдарман» үйірмесінде тәлім алады. Үйірме жетекшісі - Дәрмағамбетов Төребек Әділбекұлы.