Оқу-жаттығу өткізу жоспары пысықталды

Оқу-жаттығу өткізу жоспары пысықталды

Осы аптада аудан әкімінің орынбасары Ш.Есжановтың төрағалығымен облыстық аумақтық қорғаныс бригадасына тіркелген әскери міндеттілермен Арал ауданында арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізу туралы жиын өтті.

Оқу-жаттығуға дайындық жұмыстарын осы бастап пысықтап, түсіндірме жұмыстарын жүргізуге облыс орталығынан келген қонақтар жиынға арнайы қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары «2025 жылға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дайындық жоспарына» сәйкес, облыстық аумақтық қорғаныс бригадасына тіркелген әскери міндеттілермен ағымдағы жылдың 16-25 маусым аралығында Арал ауданында арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізу жоспарланғанын айтып, арнайы келген мамандарды таныстырып өтті.

Мамандар қатарында «Қызылорда облысы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі Нұрболат Сейтов, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің «99215 әскери бөлімі» РММ-нің бастығы Шайзатхан Абжапбаров және «Жұмылдыру дайындығы және шұғыл жұмыстар орталығы» КММ-сі басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Садықов бар.

Жиын барысында мамандар маусым айына белгіленген оқу-жаттығудың маңыздылығы жайында баяндама жасап, оған дайындықты қазірден бастап пысықтай беру керектігін жеткізді.