Аралдықтар республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосты

Аралдықтар республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосты
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды.
Бүгінгі тазалық науқанына 500-ге жуық аралдықтар атсалысып, аудан көлемінде көркейту-көгалдандыру жұмыстарында белсенділік танытты.
Арал қаласындағы «Балықшылар аллеясында» өткен ағаш отырғызу акциясына аудан әкімі А. Оңғарбаев, аудан ардагерлері, мәслихат депутаттары, мекеме қызметкерлері мен ерікті жастар қатысты.
Экологиялық акция аясында қоғамдық орындар, көшелер мен аялдамаларда тазарту жұмыстары ұйымдастырылып, аудан бойынша демалыс саябақтарында 1000-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Көше бойында автомобиль жолдарының жолақтары қайта сызылып, аудан орталығындағы маңызды ғимараттардың қасбеттері жаңартылды.