Аймақ басшысының атынан ауызашар берілді

Аймақ басшысының атынан ауызашар берілді
Барша мұсылман жамағаты қасиетті Рамазан айының соңғы күндерін өткеруде. Бүгін Арал қаласындағы «Керуен сарайы» мейрамханасында облыс әкімінің атынан аудан жұртшылығына ауызашар берілді.
Оған аудан ақсақалдары, сала ардагерлері мен аға буын өкілдері қатысты.
Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев көпшілікті Рамазан айымен құттықтап, мейірім мен ізгілік, қанағат пен сабыр салтанат құратын киелі айда жасаған дұға-тілектерінің қабыл болуына тілектестігін білдірді.
Ауданның қазыналы қариялары мен орталық мешіттің бас имамы жылы лебіздерін білдіріп, халықты бірлікке, жақсылыққа үндеді.