Аудан әкімі қаладағы әлеуметтік нысандарды аралады

Аудан әкімі қаладағы әлеуметтік нысандарды аралады
Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев қаладағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жұмысымен танысып шықты.
Алдымен № 4 мөлтек ауданға барып, газдандыру жұмыстарының басталу барысын бақылады. Бүгінгі күні жалпы ұзындығы 14 шақырымды құрайтын аумаққа құрылыс материалдары жеткізіліп, газ желілерін жүргізу басталмақ. Газ құбырын тарту жұмыстарының құрылысын «Транс Азия Констракшн» ЖШС мекемесі жүргізуде. Аудан басшысы тиісті сала басшысына құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін ұдайы бақылауда ұстауды ескертті.
Одан соң, аудандық полиция, аудандық статистика және аудандық қазынашылық басқармасына барып, жұмыс барысымен таныс болды. Ғимараттарды аралап жағдайына қанық болған соң, мекеме басшысыларына жөндеу жұмыстарын жасау үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
Мұнан кейін, аудандық пошта байланыс торабы мен «Қазақтелеком» АҚ-ның Арал желілік техникалық цехына бас сұқты. Қазіргі таңда пошта мекемесіндегі 60-қа жуық қызметкер жылына 15 мыңнан аса азаматтарға сәлемдеме қабылдау, жеткізу, баспасөз басылымдарына жазу мен зейнетақы, жәрдемақы , еңбекақы төлеу және заңды тұлғамен есеп айырысу-кассалық қызметтерін ұсынып келеді.
Аудан әкімі нысандарды аралау барысында аудандық прокуратура және аудандық кірістер басқармасының ғимараттарына барып, нысандардың жұмысына қанық болды. Мекеме басшыларына ғимараттарға уақытылы жөндеу жүргізу, жылыту мәселелерін, ауласын көгалдандыру шараларын назардан тыс қалдармауды тапсырды.