Ауылдық аумақтарды дамыту мен салықтық әкімшілдендіру мәселелері талқыланды

Ауылдық аумақтарды дамыту мен салықтық әкімшілдендіру мәселелері талқыланды
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев төрағалығымен өткен арнайы мәжілісте ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері қаралды.
Мәжілістен кейінгі жиында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев берілген тапсырмаларды нақтылады.
«2024 жылға жоспар бойынша өз кірістеріміздің түсімі 3,1 млрд. теңге екенін ескерсек, алдымызда әлі де көптеген атқаратын жұмыстар бар. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес бюджет түсімдерін кемінде 1 млрд. теңгеге көтеру межесі қойылды. Соған сәйкес, қала, кент және ауылдық округтерде, салық салу базасының резервтерін анықтау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілу қажет. Шағын бизнестің көпшілігі көлеңкеде қалуда, салық салу объектілерін жасыруда және мүліктің нақты құнын едәуір төмендетіп төлеуде. Бұған бір мысал кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие қаражатына қол жеткізу үшін кепілге қойған кәсіпкерлік мүліктерін жоғары бағалатады. Ал, салық төлеуге келгенде нысаннын құнын төмендетіп көрсетеді. Өндірістік, кәсіпкерлік объектілерге толық түгендеу жүргізіп, заң шеңберінде кәсіпкерлік нысандарға қайта бағалау жүргізу жұмыстарын үйлестіріңіздер» - деді, аудан басшысы.
Жиында салық базасын ұлғайту, ауылдық жерлерді дамытуға, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған бірқатар бағдарламаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, 23 наурыз күні – Тазару күнінде жалпыұлттық экологиялық акциясын жоғарғы деңгейде өткізуді және егістік шараларын назардан тыс қалдырмай, жер тоңы түскеннен кейін жер жырту жұмыстарын жүйелендіру міндеттелді.
Мұнымен бірге, мерекелік шара кезінде және көктемгі каникул уақыттарында жасөспірімдердің арасындағы құқық-бұзушылық фактілерінің орын алмауын қатаң қадағалауды ескертті.