Қуанса, бала қуансын!

Қуанса, бала қуансын!
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінің қарсаңында аудан әкімі Серік Сермағамбетов, білім саласының ардагері Нұралы Оспанов, аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Жанназарова ерекше білімді қажет ететін оқушылардың үйіне арнайы барып, бүгінгі айтулы мерекесімен құттықтады.
Сүлейменова Кәусар мен Жолмырзаева Аружан денсаулығына байланысты сабақты үйде оқиды. Балаларға талапқа сай білім алуы үшін үйде барлық жағдай жасалған.
Биыл 5 сыныпты аяқтаған Кәусар мен биылғы жылы 9 сыныпқа қадам басқалы отырған Аружан аудан басшысымын кездескендеріне шынайы қуанып, өзіне тосынсый жасаған жандарға ерекше алғыстарын білдірді.