Аралда кәсіпкерлер саны көбейді

Аралда кәсіпкерлер саны көбейді
Биыл Арал ауданында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 6038 бірлікті құрап, 35 пайызға артты. Олардың ішінде жұмыс жасап тұрғандарының үлесі 95 пайызды құрады. Кәсіпкерлерге деген қолдаулар мен мемлекеттік бағдарламалар алдағы уақытта да жалғаса бермек.
Аудан әкімі Серік Сермағамбетов тұрғындармен кездесуде: «Аралдағы кәсіпкерліктің өрістеуіне бірден-бір себепкері «Кәсіпкерлік үйінің» ашылуы болып отыр. Арал қаласында аудандар арасында бір терезе қағидаты бойынша алғаш болып орталық аштық. Қазіргі таңда, аталған нысан кәсіпкерлерге және кәсібін бастаймын деген азаматтарға бизнес кеңес берудің барлық түрлерін көрсетіп келеді. Онда ауыл шаруашылығы және жер бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі, кәсіпкерлер палатасының өкілдігі орналасқан. Бүгінде олар бизнес бастаймын деген барлық азамтқа көмек көрсетіп, сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуде»-, деді.