Арал қаласындағы 1043 тұрғынға жер учаскесі табысталды

Арал қаласындағы 1043 тұрғынға жер учаскесі табысталды
Арал ауданы әкімінің Серік Сермағамбетов Арал қаласы тұрғындарымен өткен кездесуде инфрақұрылымды дамыту бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
«Аудан бойынша қазіргі таңда жер учаскесін алуға 7 мыңнан астам адам кезекте тұр. Бүгінде осы кезектілікті азайту мақсатында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Арал қаласындағы №5 шағын ауданында электр желісінің құрылысы мен №6 шағын ауданында электр желісінің және су желісінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағытта республикалық бюджеттен 567 млн. теңге қаралса, биылғы жылға құрылыс жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджеттен 62 млн. теңге қаржы қаралды.
Сондай-ақ №8 мөлтек ауданды жүзеге асыруға Республикалық бюджеттен қаржы тартылды. Бұл өз кезегінде тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін алуға 2008-2011 жылдар аралығында кезекте тұрған 1043 тұрғынның өтініштерін қанағаттандыруға мүмкіндік беруде»-, деді С. Сермағамбетов.