Дайындық жұмыстары пысықталды

Дайындық жұмыстары пысықталды
Қазіргі уақытта Сырдария өзеніне жоғарыдан мол су келіп түсуде. Соған сәйкес мол суды аудан аумағынан Кіші Арал теңізіне қауіпсіз өткізу үшін тиісті жұмыстар атқарылуда.
Бүгін су тасқыны жағдайындағы төтенше жағдайлардың алдын алу, зардабын жою мақсатында дайындық шаралары пысықталды.
Арнайы өткізілген саптық қарауға азаматтық қорғау қызметтері, мекемелер, кәсiпорындар және авариялық-құтқару қызметтері жұмылдырылды.
Аудан әкімінің орынбасары Қ. Әбсұлтанов азаматтық қорғау қызметтерінің құрамын толық аралап, тәуліктің кез келген уақытында барлық жағдайға дайын болу қажеттігін түсіндірді. Әрбір мекемеге көлік құралдары мен қажетті техникалардың әзір болуын тапсырды.
Жауапты мамандарға Сыр өңіріндегі елді мекендерді қатаң бақылауға алу, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, дариядағы су деңгейін назарда ұстау жүктелді.