Аудан әкімі прокуратура саласы қызметкерлерін қабылдады

Аудан әкімі прокуратура саласы қызметкерлерін қабылдады
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 25 ақпан 2004 жылғы бұйрығымен 6 желтоқсан Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылған күні ретінде жарияланып, жыл сайын атап өтіліп келеді.
Қоғам өмірінің барлық саласында заңдылықтардың сақталуын қадағалайтын прокуратура органдары қызметкерлерін аудан әкімі Серік Сермағамбетов қабылдап, сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
«Бүгінде прокуратура заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің сенім тірегіне айналды. Прокуратура қажырлы еңбекті талап ететін күрделі сала. Осы жауапты міндеттерді орындау үшін табандылық, парасаттылық, білім мен білктіліктің де қажет екендігі айқын.
Сіздерді еліміздің өркендеуі үшін заң үстемдігін орнатудағы еңбектеріңізге сәттілік серік болсын. Дендеріңізге саулық, Отбасыларыңызға амандық тілеймін. Кәсіби қызметте зор жетістіктерге жетіп, абырой биігінде болыңыздар»-деді Серік Сағитжанұлы.
Аудан әкімі С. Сермағамбетов аудандық прокуратура ұжымын төл мерекелерімен құттықтап, аудан прокуроры Мадияр Бекпановты алғыс хатпен марапаттады.