Департамент басшысы халыққа қызмет көрсету бөлімінің жұмысымен танысты

Департамент басшысы халыққа қызмет көрсету бөлімінің жұмысымен танысты
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев жұмыс сапарымен Арал ауданында болды. Департамент басшысы «Азаматтарға
арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының халыққа қызмет көрсету бойынша Арал аудандық бөліміне барып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Ғалым Сұлтанұлы мекеменің «Е-нәтиже», өз-өзіне қызмет көрсету секторы, реттеу залы және мамандандырылған сектордың, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған терезенің халыққа көрсетіп жатқан қызметтерін саралады.