Cалық қызметкерлері марапатталды

Cалық қызметкерлері марапатталды

Бүгін аудан әкімі С.Сермағамбетов мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Аудан басшысы өз сөзінде: «Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық, халықтың құқықтық білімін арттыру, бюджетке түсетін салық түсімдерін бақылау – мұның бәрі мемлекеттік кірістер органдарының басты міндеттері. Аудандық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері де бұл мақсатты орындауға өздерінің үлестерін қосуда. Мәселен, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында жергілікті бюджеттің жоспары 108 пайызға орындалып, қазынаға 2 млрд. 438 миллион теңге түскен. Әрдайым абырой биігінен көрініп, ел игілігіне қызмет ете беретіндеріңізге сенемін.»- деп ауданымыздың дамуы мен өсіп-өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының одан әрі жақсаруына тигізген еңбектерін жоғары бағалайтынын айтып өтті.

Кәсіби мерекеге орай аудандық кірістер басқармасының бірқатар қызметкерлеріне аудан әкімінің құттықтауы табысталды.