№71 орта мектебі биылғы оқу жылында оқушыларды жаңа ғимаратта қабылдайды

№71 орта мектебі биылғы оқу жылында оқушыларды жаңа ғимаратта қабылдайды

Аудан әкімі Сырдария өзені бойындағы ауылдық округтердегі сапарынан кейін Арал қаласының кіре беріс маңынан бой көтерген №71 орта мектебіне барды.

Аталған білім ордасының құрылысы аяқталып, жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Аудан әкімі 100 орындық интернатымен қоса жаңадан салынған 200 орындық мектеп ғимаратының ішін аралап жаңа оқу жылына дайындық барысын бақылады.

Қазіргі таңда мектептің ішкі жұмыстары аяқталып, оқу процесіне қажетті парта, орындық сынды жиһаздары құрастырылуда. Мердігер мекеме тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар аяқталуға жақын.