Кәсіби мереке қарсаңында құрылысшылар марапатталды

Кәсіби мереке қарсаңында құрылысшылар марапатталды

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Қ. Әбсұлтанов өңірдегі құрылысшылармен кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде: -«Қандай кезең болмасын құрылыс саласы өз жұмысын тоқтатпай, ел игілігін еселеуде. Ауданымыздың айбынын арттырып, сымбатына сән қосып, өңіріміздің өсіп-өркендеуіне жаңаша серпін беретін құрылысшылар қауымының ел дамуына қосар үлесі зор деп білемін. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Туған жерімізді көркейтіп-көріктендірудегі игі істеріңіз әрдайым жемісті, нәтижелі болсын!»деп ізгі лебізін білдірді.

Сонымен бірге темір жол саласының да аймақтың өндірістік құрылымы мен экономикасының аса маңызды буыны екенін айтып, сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап өтті.

Жиын барысында ауданның дамуына үлес қосып, абыроймен еңбек етіп жүрген бірқатар құрылысшылар мен сала майталмандарына және темір жол саласы қызметкерлеріне аудан әкімінің құттықтауы табысталды.