Өңірге қажетті мамандықтар бойынша 2022-2023 оқу жылына бөлінген облыс әкімінің оқу грантының Арал ауданы бойынша бөлінісі

Өңірге қажетті мамандықтар бойынша 2022-2023 оқу жылына бөлінген облыс әкімінің оқу грантының Арал ауданы бойынша бөлінісі

Облыс әкімінің грантына Арал ауданы бойынша   математика-1, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдестемесі(орыс бөлімі)  -1, журналистика және ақпарат-1, инженер-энергетик-1, су ресурстарын басқару-1, дәстүрлі музыка өнері-1, жылу энергетикасы-1, теолог/дінтанушы-1 және жалпы медицина –2, барлығы 10 орынға  білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек тағайындау белгіленген.

Әлеуметтік көмек күндізгі оқу нысанында оқитын халықтын әлеуметтік жағынан осал топтарынан шыққан:

жетім балаларға, мүгедектігі бар балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын балаларға, ата-анасының екеуі де жасына байланысты зейнеткер болып табылатын немесе біреуі мүгедектігі бар адам болып табылатын балаларға, құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған, толық емес отбасылар Қазакстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменге күнкөріс деңгейінің 3 еселенген шамасынан төмен;

аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазакстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда.

Сондықтан да  биылғы  жылғы мектеп немесе колледж бітіруші түлектердің арасынан мемлекеттік білім грантына қатысып, ие бола алмаған, жоғарыда  көрсетілген  топтарға жататын мұқтаж азаматардың жекелеген санаттарына жатқызылатын түлектер арасында конкурс өткізіледі. Конкурсқа құжаттар дайындау үшін аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азамарттық хал актілерін тіркеу бөлімінің № 7 бөлмесіне үстіміздегі жылдың 5 тамызынан бастап жолығуларыңызға болады