Тұтынушылардың шағымдарының қарау нәтижелері туралы

Тұтынушылардың шағымдарының қарау нәтижелері туралы
Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкесөз өкілеттігі шеңберінде тұтынушылардың шағымдарын қарауда біршама жұмыстар атқарылды.
Үстіміздегі жылдың қаңтар-мамырында Департаментке тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы туралы барлығы – 120 өтініш келіп түскен, ол өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 28 өтінішке немесе 30,4 пайызға артық.
Жалпы алғанда аталған өтініштерге салалар бойынша жүргізілген талдауда68 өтініштің бөлшек сауда саласына келетіндігі немесе 56,6 пайызы (атап айтсақ, сапасыз тауарды айырбастаудан, қайтарудан бас тарту, 14 күн ішінде тиісті сападағы тауарды айырбастаудан, қайтарудан бас тарту, тұтынушыларды алдау, сапасыз тауар ұсыну), тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметтері саласы бойынша - 26 (21,6 пайыз – коммуналдық қызметтер үшін төлемді негізсіз есептеу, пәтер иелері кооперативтерінің тиісті деңгейде қызмет көрсетпеуі,электрондық сауда – 8 (6,6 пайыз – тұтынушыларды алдау, сапасыз тауар ұсыну, тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тарту), қаржы қызметі – 3 (2,5 пайыз – несиеге байланысты), қоғамдық тамақтану – 3 (2,5 пайыз – сапасыз тамақ өнімдері, жарамдылық, сақтау мерзімдері) және де басқа салалар.
Аталған өтініштерді заңға сәйкес қарау қорытындысымен 76-өтініш қанағаттандырылды, 22-өтініш түсіндіріліп, 21-өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданып, 38-не наразылық әзірлеуге көмек көрсетілді. Нәтижесінде тұтынушыларға барлығы 717 390 теңгенің қаражаты қайтарылуына ықпал жасалды.