Ауылшаруашылық кооперативтерінің жұмысы талқыланды

Ауылшаруашылық кооперативтерінің жұмысы талқыланды

Мемлекет басшысы барлық жергілікті басқару органдарының алдына халықты жұмыспен қамту мәселесін алға тартып, аталған мәселені шешу барысында ауылдық жерлерде жаппай ауылшаруашылық кооперативтерінің жұмысын жандандыру қажеттілігін баса айтқан еді. Соның ішінде өңдеуші кәсіпорындар үлесін арттыру ерекше назарға алынған болатын.

Осы орайда, бүгін аудан әкімінің орынбасары Әбішев Еркін Жұмаханұлы жұмыс сапарымен Бөген ауылдық округі, Қарашалаң елді мекенінде болып, ауылшаруашылық кооперативтерінің жұмысын жандандыру бағытында тұрғындармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген ауылшаруашылық кооперативтерінің ісін жандандыру бағытында қазіргі таңдағы проблемалық мәселелер талқыланып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.