Азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізілді

Азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізілді

Аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішев аудандағы азық-түлік өнімдерін сататын сауда орындарында болып, әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі өнімдерінің бағасына мониторинг жасады.

Жұмысшы топ құрамы кәсіркерлермен кездесіп, азық-түлік өнімдеріне негізсіз баға өсірмеу, белгіленген шекті бағадан асырмау бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендету бағытында әкімдік тарапынан бақылауға алынып, нақты шаралар жүзеге асырылуда.

2022 жылдың 8 мамырында жеке кәсіпкер Б. Оңайбеков Сексеуіл кентінде жеміс-жидек, көкөніс өнімдерімен бірге күнделікті қажет ететін азық-түлік тауарларын автокөлікпен әкеліп, халыққа төмен бағада жәрмеңке ұйымдастырылды.