Арал қаласында Ұлы Жеңіс мерекесіне орай эстафеталық жарыс өтті

Арал қаласында Ұлы Жеңіс мерекесіне орай эстафеталық жарыс өтті

9 мамыр күні Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналғансоғыс, еңбек және спорт ардагері И.Д.Шульга атындағы жеңіл атлетикадан дәстүрлі эстафета Арал қаласының Бақтыбай батыр көшесі бойымен өткізілді.

Жарыс қорытындысымен:

мектеп оқушылары арасында кіші топ бойынша

1-орынға №14 мектеп-лицей,

2-орынға №260 мектеп,

3-орынға №62 мектеп-лицей оқушылары ие болды.

Оқушылар арасында үлкен топ бойынша:

1-орынды №220 орта мектеп,

2-орынды №14 мектеп-лицей,

3-орынды № 57 мектеп оқушылары иеленді.

Сондай-ақ, кәсіпорын, мекеме қызметкерлері арасындағы жарыста 1- орынды «Тайқазан» тобы, 2-орынды №3 өрт сөндіру бөлімі, 3-орынды №10216 Ж әскери бөлімінің қызметкерлері иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Шара соңында жеңімпаздарға арнайы Кубоктар мен медальдар табыс етілді.

ЖҮЛДЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ЖЕҢІМПАЗДАР!!!