Сақтық шараларын естен шығармайық

Сақтық шараларын естен шығармайық

Құрметті аудан тұрғындары!

Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі толық аяқталған жоқ.

Ауданымыз бойынша өткен тәулікте 11 жағдай тіркеліп отыр.

Өздеріңізге мәлім, өткен жылы коронавирустың жаңа штамы "Дельта" пайда болған болса, жыл аяғына таман жұғу қауіптілігі жоғары «Омикрон» штамы анықталған болатын.

Соңғы тәуліктерде елордада аталған «Омикрон» штаммы Sars-Cov-2 вирусының таралуына байланысты қаладағы эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлап отырғандығы белгілі. Бұл әрине, жаңа штамының таралуы және азаматтардың қала бойынша белсенді қозғалысымен байланысты. Сонымен қатар қорғаныс шараларын елемеуі, яғни, маска тақпау, адамдар көп жиналатын жерлерге баруы себеп болып отыр.

Көпшілігіміз қауіптің әлі де жойылмағандығын білсек те, көшеде бетпердемен жүру қажеттілігін естен шығара бастағанымыз рас. Бұл бірінші кезекте өзімізге және тұтас қоғам үшін қауіпті.

Осы орайда сақтық шараларын әлде де назарымыздан шығармай, жеке бастың гигиенасына баса назар аударуымыз керек. Сонымен қатар, жұмыс берушілер өз қызметкерлерін кәсіпорынның немесе нысанның меншік нысанына қарамастан, жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етуі қажет. Барлық үй-жайлар үнемі желдетіліп, ал жұмыс орындары дезинфекциялау құралдарымен өңделуі керек.

Біз осы аталған сақтық шараларын босаңсытпай, карантин шараларын сақтау әлі де өзекті екенін естен шығармағанымыз жөн.