Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Арал ауданының полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Шегебаев Нұрбек Айтбайұлы тұрғындарды төтенше жағдай режимін және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады:

Өздеріңіз білетіндей елімізде орын алған оқиғаларға байланысты ағымдағы жылдың 5-19 қаңтар аралығында төтенше жағдай режимі жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде облыс көлеміндегі азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты сағат 8:00 – ден 21:00 – ге дейін өзгертілді.

Аудан көлемінде кафе-барлар, мейрамханалар, спорттық ұйымдар мен ойын-сауық орталықтарының қызметтері тоқтатылды.

Бүгінде ауданымызда жағдай тұрақты. Дегенмен құқық қорғау органдары өңіріміздің тыныштығы үшін күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Аудан бойынша блок-бекеттер орнатылды. Баршаңызды ел тыныштығы үшін жасалып жатқан сақтық шараларына құлақ асып, бірлесе жұмыс жасауға шақырамын.