Кезекті рейд жұмыстары жүргізілді

Кезекті рейд жұмыстары жүргізілді

Бүгінде аудандағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты болғанымен, адам көп шоғырланатын орындарда санитарлық талаптардың сақталуына аса мән беруіміз керек.

Осы ретте, аудан әкімдігімен құқық қорғау органдарымен бірлесіп құрылған мобильді топ мүшелері әдеттегідей аудан орталығындағы мейрамханалар, дәмханалар, дүкендер және өзге де қоғамдық тамақтану орындарында кезекті рейдтік жұмыстарды жүргізді.

Кезекті рейд барысында бірнеше кәсіпкерлік нысандарға санитарлық талаптарды сақтап, ғимарат ішінде жиі дезинфекция жасалып, антисептикалық құрылғылармен қамтамасыз етілуімен арақашықтықтың сақталуын қадағалау тапсырылды. Арнайы топ мүшелері аудан халқының амандығына негізделген ортақ мүддеге немқұрайлық танытпауды сұрап, санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме жұмыстарын жасады.