"Алтын дән-2021": Аралдық еңбеккерлер марапатталды

"Алтын дән-2021": Аралдық еңбеккерлер марапатталды

Облыс орталығында өткен «Алтын дән - 2021» салтанатты шарасында аудандағы төрт түлік мал өсірумен айналысатын "Алмат" шаруа қожалығының төрағасы Асанбаев Жетес «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісін иеленді.

Сонымен қатар, ұзақ жылдар бойы өңірдегі мал шаруашылығының дамуына үлес қосып, еңбек етіп келе жатқан шаруалар да марапат төрінен көрінді.

Атап айтар болсақ, " Үздік мал өсіретін репродуктор" номинациясына "Берекет" шаруа қожалығының төрағасы Жайназаров Күнтуар, "Озат бақташы" номинациясына "Жақсылық" шаруақожалығының бақташысы Алпысбаев Беркімбай, "Озат түйекеш" номинациясына "Құланды" ЖШС-нің бақташысы Үргенішбаев Оралбай ие болды.