«Алтын дән – 2021»

«Алтын дән – 2021»

Бүгін «Алтын дән-2021» салтанатты іс-шарасы аясында Қызылорда қаласында Арал ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмекесі өткізілді.

С.Торайғыров көшесінің бойында өткізілген дәстүрлі жәрмеңкеге теңізді өлкеден 30-ға жуық автокөлікпен 60 тоннадан астам өнім жеткізілген болатын.

Атап айтқанда, молшылық шарасында 5 тонна ет, 17 тонна балық және балық өнімдері, 1 арнайы автокөлікпен тірі балықтар, 1 тоннаға жуық сүт және сүт өнімдері, 40 тонна бақша және көкөніс дақылдары, 3 тонна тұз өнімдері және 60-қа жуық қой, тоқты малдары жеткізіліп, қала тұрғындары үшін нарық бағасынан төмен бағада ұсынылды.

Қызылордалықтар асыға күткен ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесінде Арал өңірінен әкелінген балық және балық өнімдеріне сұраныс жоғары болды. Қалаған өнімдеріне тиімді бағада қол жеткізген жұртшылық ел игілігі үшін мыңдаған шақырымды артқа тастап жеткен жәрмеңкені ұйымдастырушыларға алғаусыз алғыстарын жаудырды.