Жолдаудың басым бағыттары түсіндірілді

Жолдаудың басым бағыттары түсіндірілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тұрғындарға түсіндіру мақсатында құрылған ақпаратық-насихаттық топ мүшелері елді мекендерді аралап, халықпен кездесуде.

Аудандық мәслихат депутаты Асанбаев Арғынбай мен ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Сәдуақасов Мырзадин Ақирек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, Президент Жолдауын халыққа жеткізу және жүзеге асыру бағытында аудан көлемінде жүргізілетін жұмыстарды түсіндіріп өтті.

Ауыл халқымен жүздесу барысында Президент Жолдауының денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға негізделген бес бастамасына жеке-жеке тоқталды.

Жиын соңында ауыл тұрғындары да Жолдауға қатысты өз пікірлерін ортаға салып, жүзеге асыруға атсалысып, тапсырмалардың орындалуы үшін жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

Ақпараттық-насихаттық топ мүшелерімемлекет басшысының Жолдауында ұтымды ұсыныстар, кесімді пікірлер мен нақты тапсырмалар берілгенін айтып, Жолдаудың басым бағыттарын орындауға жұмыла кірісіп, жұмыс жасауға шақырды.