Комиссия отырысы өткізілді

Комиссия отырысы өткізілді

Бүгін аудан әкімі Серік Сермағамбетовтың төрағалығымен әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Комиссия отырысына комиссия мүшелері, дербес бөлімдердің басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссия отырысының күн тәртібінде бір мәселе, "Трансперенси Интернешнл Казахстан" халықаралық үкіметтік емес ұйымымен кәсіпкерлік саласындағы жасалған әлеуметтік сауалнамалардың қорытындысы бойынша ауданда осы бағытта атқарылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының барысы талданды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Р.Бисенбаев және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Н.Ембергенова хабарлама жасап, кәсіпкерлік саласы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып келе жатқан шаралар жайында кеңінен баяндап өтті.

Жиын барысы одан әрі аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына ұласты.

Күн тәртібінде аудандық жергілікті полиция қызметімен бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының алдын алу бағытында атқарылған жұмыстардың жайы сөз болды.

Аталған мәселе бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары А.Атакаев және Аралқұм ауылдық округінің әкімі К.Жанназаров баяндама жасап, атқарылған жұмыстар негізінде хабарлап өтті. Осы ретте аудан көлемінде мал ұрлығының алдын алу мен болдырмау бағытындағы профилактикалық жұмыстардың тиісті деңгейде қамтамасыз етілмей отырғандығын сынға алған аудан әкімі ұрлық қылмысының алдын алу бағытында профилактикалық шараларды жандандыру қажет екенін қатаң тапсырды.

Сонымен қатар екі бірдей комиссия отырысының барысында комиссия мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қала,кент, ауылдық округ әкімдеріне және бөлім басшыларына алдағы уақытта талап пен бақылау күшейетіндігі айтылды. Жиын қорытындысымен аудан басшысы арнайы хатаммалық тапсырмалар жүктеп, орындалуы басты бақылауда болатындығын жеткізді.