Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Қазіргі таңда коронавирус инфекциясынан сақтану үшін біздің басты қаруымыз вакцина салдыру мен санитарлық нормаларды сақтау боп табылады.

Осыған орай, аудандық аурухананың арнайы жедел-жәрдем көлігі Арал қаласындағы "Қанағат" коммуналдық базарының алдында "СПУТНИК-V" вакцинасының І және II компонентін егу жұмыстарын жүргізуде.

Өзіңіздің, жақындарыңыз бен қоршаған ортаңыздың амандығы бірінші кезекте әр адамның жеке бас жауапкершілігіне тірелетінін естен шығармайық. Пандемия жағдайынан шығып, қалыпты өмір салтына көшу үшін әрбіріңізді індетке қарсы вакцина қабылдауға шақырамыз! Біз біргеміз!