Қайырымдылық шарасынан Шиеліліктер де шет қалмады

Қайырымдылық шарасынан Шиеліліктер де шет қалмады

Ауданымызда орын алған қуаңшылық жағдайына сәйкес аралдықтарға қолдау білдіріп, қайырымдылық бағытындағы игі шараларға аймағымыздағы аудандар мен бірқатар өзге өңірлер өзіндік үн қосуда.

Осы орайда күні кеше Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен "Халық" шаруа қожалығының төрағасы Халықберді Мыханов 260 прес жоңышқа шөбін ауданымызға қарасты Қосжар ауылына жөнелткен болатын.

Шиелі ауданы, Керделі ауылдық округі Нартай ауылынан жеткен тегін мал азығы Қосжар елді мекеніндегі 93 отбасыға толықтай таратылып берілді. Ауыл тұрғындары көмек қолын созған шиелілік шаруларға ризашылықтарын жеткізіп, ақ батасын беруде.