Жерлестерден жеткен көмек

Жерлестерден жеткен көмек

Бүгін Арал ауданының тумалары Көшербаев Болат Елеуұлы, Базарбаев Талғат Жанғазыұлы, Жалғас Күлекенов, Имамадин Оңғарбаев, Тимур Жидебаев, Ертілеу Жалғасбаев жəне Сұлтан Махашов ауданымыздағы қуаңшылық жағдайына байланысты перзенттік пейілдерін танытып, көмек қолын созды.

Жанашыр азаматтардың демеушілігімен жеткен көмек Арал қаласындағы 35 тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасына таратып берілді.

Осындай қиын шақта жеткен көмекке аудан тұрғындарының алғысы шексіз.