Қосаман ауылдық округіне 1000 дана шөп жеткізілді

Қосаман ауылдық округіне 1000 дана шөп жеткізілді

Қызылорда облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, "Абзал и К" ТС директоры Магжан Ералиев ағамыздың бастамасымен және демеушілігімен "Nur Otan" партиясы Қызылорда облыстық филиалы және "Jas Otan" ЖҚ-ның «Аралмен біргеміз» акциясы аясында қуаңшылықтың зардабын тартып отырған Арал ауданы, Қосаман ауылдық округіндегі тұрғындардың мал азығына 1000 дана шөп үлестірілді.

Аймақтағы қуаңшылық жағдайындағы ауыл тұрғындарына қол ұшын берген "Абзал и К" ТС-нің көрсетіп жатқан кайырымдылық шарасына ауыл ақсақалдары мен ауыл тұрғындары ризашылық білдіріп, ақ батасын берді.