Бекбауыл елді мекеніне Қармақшы ауданы мал азығын жеткізді

Бекбауыл елді мекеніне Қармақшы ауданы мал азығын жеткізді

Бүгін Қармақшы ауданы, үшінші Интернационал ауылынан қуаңшылық жағдайына орай Бекбауыл ауылына 550 прес жоңышқа шөбі жеткізілді.

Облыстық кəсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен "Достық Жер МК" шаруа қожалығы тарапынан жеткізілген шөптің 150 пресі тұрмысы төмен мал ұстап отырған тұрғындарға тегін үлестіріліп берілсе, қалған 400 пресі арзандатылған көтерме бағада (1прес 500теңгеден) босатылды.

Бекбауылдық ағайын осындай қысылтаяң шақта демеу болып, көмекке асыққан қармақшылықтарға ризашылықтарын білдіріп, осы жұмыстардың басы қасындағы азаматтарға алғыстарын білдірді.