Облыстық «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері Аралда

Облыстық «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері Аралда

Бүгін ауданымызға облыстық «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің төрағасы Жандос Тұсмағамбетов арнайы жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында аудан орталығындағы бірқатар мемлекеттік мекемелерді аралап өтті. Алдымен аудандық және қалалық әкімдік пен халықты жұмыспен қамту орталығының 1 қабатында орналасқан «Ашық әкімдік» жобасының жұмыс барысымен танысты. Мұнан соң аудандық орталық аурухананың қызмет көрсету жүйесін зерделеп, медициналық құрылғылардың жұмысын сараптап, науқастармен пікір алмаса келе, анықталған бірқатар кемшіліктер бойынша ескерту жасады.

Одан әрі аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұловтың төрағалығымен арнайы басқосу өткізілді. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, тұрғындарға қолайлы ортаны қалыптастыруды ұйымдастыруды мақсат еткен кездесуге Арал аудандық «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің төрағасы Асанбаев Арғынбай Балпашұлы, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ, ауыл әкімдері мен олардың қызметкерлері «Zoom» конференциясы арқылы онлайн режимде қатысты.

Кездесу барысында облыстық «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің төрағасы Ж.Тұсмағамбетов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларды қатаң сақтау, заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында және оның алдын алу бағытында сөз қозғады. Сонымен қатар осы бағыттағы жұмыстарды ілгерілету бағытында қолға алу қажет деген шараларды кеңінен түсіндіріп өтті.