Әдеп нормаларының қатаң сақталуы жөнінде семинар-кеңес өткізілді

Әдеп нормаларының қатаң сақталуы жөнінде семинар-кеңес өткізілді

Күні кеше аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормаларын, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларды қатаң сақтаулары, заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында және оның алдын алу бағытында семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңесті ашып берген аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұлов Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелерін арқау еткен басқосудың маңыздылығына тоқталып, осы орайда арнайы түсіндірме жүргізу мақсатында ауданымызға облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Хамит Мұратұлы Тарбақов жұмыс сапарымен келгендігін жеткізді.

Семинар барысында сөз алған Әдеп жөніндегі уәкіл Х.Тарбақов аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдардағы ҚР-ның мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп Кодексін, ҚР-ғы заңдарда белгіленген шектеулер мен тиымдарды қатаң түрде сақтау жөнінде кеңінен талдап, толыққанды түсініктеме беріп өтті.

Аталған басқосуға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, үкіметтік емес ұйымдары мен партия ұйымдары сондай-ақ, шалғай ауыл әкімдері мен олардың қызметкерлері «Zoom» конференциясы арқылы онлайн режимде қатысты.

Семинар-кеңес отырысының қорытындысымен аудан әкімінің орынбасары Қазақстан Республикасының Заңдары мен Әдеп кодексінің талаптарын бұлжытпай орындауды, қызметтік тәртіпті қатаң сақтауды, қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдік-әдептілік нормаларын ұстануды естен шығармауды тапсырды.