Әкімдік және аппарат мәжілісі өткізілді

Әкімдік және аппарат мәжілісі өткізілді

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен әкімдік және аппарат мәжілісі өткізілді. Басқосуда аудан әкімі ең алдымен орын алған кадрлық өзгерістерге тоқталып, ауданға қарасты Аралқұм ауылдық округінің әкімі қызметіне тағайындалған Кенжебек Жанназаровты таныстырып өтті.

Одан әрі күн тәртібіне көшкен аудан басшысы ең алдымен әкімдік мәжілісінде қаралатын мәселелерге тоқталды. Әкімдік мәжілісінде ағымдағы жылы есепті кездесуде көтерілген ұсыныс-пікірлердің орындалуы мен ұлттық біріңғай тестілеудің жүргізілу барысы сөз болды.

Әкімдік мәжілісінің күн тәртібіне енгізілген бірінші мәселе турасында аудан әкімінің коммуналдық салаға жауапты орынбасары Е.Әбішев, әлеуметтік салаға жауапты орынбасары Б.Жұмағұлов және экономика саласына жауапты орынбасары Е.Талекенов арнайы хабарлама жасады. Атап өту қажет, есепті кездесу қорытындысымен жалпы 141 мәселе көтеріліп, тиісінше мәселелердің оңтайлы шешілуі бағытында іс-шаралар жоспары бекітілген. Іс-шара жоспарына сәйкес аталған мәселелердің 99-ы жол жөндеу, жарықтандыру, құрылыс жұмыстарын жүргізу бағытында өрбісе, 34 мәселе әлеуметтік нысандардың құрылысын салу, денсаулық сақтау, білім беру салаларына қатысты, қалған 8 мәселе бюджеттік бөліністі бақылау және қадағалау бағытына тиесілі болып отыр.

Осы орайда аудан әкімінің орынбасарлары өздері жауапты сала бойынша көтерілген мәселелердің шешілу барысын егжей-тегжейлі талдаудан өткізіп, атқарылған жұмыстардың жайына кеңінен тоқталды. Бұдан бөлек, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Марат аудандық қоғамдық кеңес және үкіметтік емес ұйымдар, әлеуметтік желі белсенділері мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен есепті кездесуде көтерілген ұсыныс-пікірлердің орындалу барысын баяндап өтті. Хабарламаларда аталып өткендей, тұрғындар тарапынан түскен мәселелерді шешу бағытында серпінді жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта белгіленген мерзімге сәйкес шешімін тапқан мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау көзделіп отыр.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Арал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова сөз алып, ұлттық біріңғай тестілеудің жүргізілу бағытындағы жұмыстарының барысын баяндап өтті. Өзекті мәселелер қаралған жиын қорытындысымен тиісті қаулылар қабылданды.

Алқалы жиын одан әрі аппарт мәжілісіне ұласып, күн тәртібінде маңызды деген екі мәселе кеңінен талқыланды.

Аппарат мәжілісінің күн тәртібіне қойылған бірінші мәселе аудан бюджетінің төрт айдағы игерілуі туралы аудандық қаржы бөлімінің басшысы М.Көлдеев хабарлама жасаса, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы 2021 жылдың екінші жартыжылдығына баспасөзге жазылу жұмыстарына тоқталды.

Аппарат мәжілісінің қорытындысы бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, аталған тапсырмалардың орындалуын қадағалау аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Бохаевқа және аудан әкімінің орынбасарларына жүктелді.