Аудан әкімі вакцинаның екінші компонентін салдырды

Аудан әкімі вакцинаның екінші компонентін салдырды

Ауданда ағымдағы жылдың 5 мамырынан бастап коронавирусқа қарсы «Спутник V» екпесінің екінші компонентін ерікті түрде егу жұмыстар жүргізілуде. Еске сала кетейік, өткен жексенбіде ауданға «Спутник V» екпесінің екінші компонентінің 600 дозасы жеткізілген болатын.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев вакцинаның екінші компонентін салдырды. Әуелі аудан орталығындағы Байтұрсынов емханасында дәрігердің тексеруінен өтіп, қарсы көрсеткіштер анықталмағандықтан екпенің екінші дозасы салынды. Қазір аудан басшысының денсаулық жағдайы қалыпты.

Жалпы ауданда наурыз-сәуір аралығында «Спутник V» вакцинасының бірінші компоненті салынған болатын. Ендігі жерде бұған дейін вакцина алғандар екіншісін де алуы қажет. Себебі, вакцинаның екінші бөлігін ала отырып, адам бойында вирусқа қарсы иммунитет толықтай қалыптасады әрі азаматтардың электрондық «вакцинация паспорты» қалыптасады.

Вакцинацияға келген адам міндетті түрде дәрігер тексеруінен өтеді. Мұндай профилактикалық егуге қарсы көрсеткіштері жоқ адамдар ғана жіберіледі.