Әдеп жөніндегі уәкіл Аралқұм ауылдық округінде

Әдеп жөніндегі уәкіл Аралқұм ауылдық округінде

Бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Н.Бохаев Аралқұм ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Р.Бисеновтің 2020 жылдың қортындысымен облыс көлімде мемлекеттік қызмет салаласында орын алған заң бұзушылықтарға тоқталып өтті. Орын алған кемшіліктерге орай департамент тарапынан ұсынылған тапсырмалардың орындалуы мен алдын-алу мақсатындағы тиісті ұсыныстары талқыланды.

Бұдан бөлек, Қазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Р. Бисеновтің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 02-22/1546 санды тапсырмасына сәйкес, «Е-қызмет» персоналды басқарудың ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне тоқталды.

Әр мемлекеттік қызметшіге қатысты деректерді «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесіне енгізіп, персоналды басқару қызметінің жұмысының өнімділігін арттыруға, жеке деректер, ұйымдастыру бойынша мәліметтер (кадрлық есепке алу), кәсіби және жеке бас құзіреті жайлы мәліметтер, білімі, біліктілігі, кәсіби тәжірибесі, аттестаттау және бағалау нәтижелері, марапаттау және әкімішілікпен тәртіптік жаза туралы мәліметтері уақытылы енгізілуі қажеттігі айтылды.

Сондай-ақ Қазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының «Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 26 сәуірде № 69 бұйрығына сәйкес, ауылдық округі әкімі аппаратының барлық қызметшілерін сәйкестендіру карталарымен (ID карталар) қамтамасыз етуін ауылдық окург әкіміне тапсырды.

Жиын қорытындысымен Аралқұм ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлеріне жүйелі жұмыс жасау керектігі айтылып, нақты тапсырмалар жүктелді.

Басқосу соңында қазіргі уақытта өңірлерде қатаң карантиндік шектеу шараларының енгізілуіне орай үйде немесе адамдар көп жиналатын өзге де орындарда банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынғандығын атап өтті.