Коронавирус инфекциясы: ауданда штаб отырысы өтті

Коронавирус инфекциясы: ауданда штаб отырысы өтті

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен коронавирус алдын алу жұмыстары бойынша құрылған штаб отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз қозғаған аудан әкімі әлемді жайлаған індеттті жұқтыру дерегі ауданымызда күннен күнге өсім алып келе жатқандығын атап өтіп, алдын алу шараларын күшейту керектігін жеткізді.

Атап өту керек, жыл басынан бүгінге дейін індетті жұқтырғандар саны аудан бойынша 75 адамға жетіп отыр. Қазіргі таңда олардың 54-і жазылып шықса, 7 адам провизорлық стационарда ем қабылдауда, 14-і үй карантинінде. Сонымен қатар науқастармен байланыста болған 583 адам да үй карантинінде бақылануда.

Жиын барысында аудандық аурухананың бас дәрігері провизорлық орталықта емделушілердің жағдайы мен вирусқа қарсы вакцинациялау жұмыстарының барысын баяндап өтті.

Аудан басшысы ауданда карантиндік шараларды қатаң сақтауды, дәрі-дәрмек қорының жеткілікті болуын қадағалап, үнемі бақылауда ұстап отыруды және қамтамасыз етуді қатаң ескертті. Сонымен бірге, ауданда құрылған мобильді топ құрамымен мекемелерді, кәсіпкерлік нысандарды, сауда үйлерін аралап, түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде тапсырды.

Жиын соңында аудан әкімі вирустың қайта бас көтеру қауіпі басым екенін айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмаларды жүктеді.