Аудан әкімі этнос өкілдерімен кездесті

Аудан әкімі этнос өкілдерімен кездесті

Бүгін «1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесіне орай аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудандағы этнос өкілдерін қабылдады.

Кездесуде аудан әкімі: -«Мереке қазақ халқының кеңпейіл, жомарт, қонақжай, мейірімді және ынтымақшыл әдет-ғұрпынан бастау алатын тарихи дәстүрлеріне негізделген. «Ынтымақты ел – ырысты ел» дейді даналарымыз. Бүгінде ауданымызда 53 этнос өкілі – орыс, кәріс, татар, молдаван, өзбек, украин, әзірбайжан мен қырғыздар жергілікті халықпен бірге тату-тәтті өмір сүруде. Биыл егемен еліміздің баға жетпес байлығы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы. Мемлекетіміз осы кезеңдегі табыстарға береке-бірліктің арқасында қол жеткізді. Баршаңызға зор денсаулық, әр шаңыраққа құт-береке, бақыт тілеймін»- деп мерекелік лебізін білдірді.

Одан соң молдаван ұлтының өкілі Виктор Чумаш:" Қиын-қыстау кезеңде қонақжай қазақ халқы барлық ұлт өкілін бауырына басты. Бір үзім нанымен бөлісті. Қазір осындағы тұрғындармен дос-туыс болып жақын араласып кеттік.Қазақ жерінде өмір сүріп жатқанымызға өте қуаныштымын"- деп барша аралдықтарды мерекемен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді.

Сондай-ақ, өзбек ұлтының өкілі Рахметалиева Сайера: -«Мен Сексеуіл кентінің тұрғынымын. Ұлтым – өзбек. Қазір 6 баланың анасымын, күміс алқа иегерімін. Мен өзімді бақытты ана аяулы жар деп есептеймін. Себебі, кең пейіл, дархан көңілді қазақ жерінде туылдым. Келін боп түскен алғашқы жылдары бір ауыз қазақша білмейтінмін. Сол кезде маған осындағы тұрғындардың көмегі көп болды. Тіпті құжаттарымды да қазақ тілінде жазып беретін. Қазір адамдармен көп араласып, мәдени шараларға қатысқанымның арқасында қазақша еркін сөйлеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын»-деп тебіреністі сөздерімен барша жерлестеріне алғысын білдірді.

Жиын соңында этнос өкілдері мен пандемия кезеңінде қиындықтарға қарамастан табандылықпен еңбек етіп, зор жауапкершіліктің үлгісін көрсеткен бірқатар сала қызметтерлеріне аудан әкімінің