Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұловтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Комиссия отырысына Арал ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, аудандық прокуратура өкілі, тиісті сала басшылары қатысты.

Күн тәртібінде өзекті деген бірнеше мәселе қаралды.

Атап айтар болсақ, темір жол аумағындағы балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін сақтау шаралары, 2020 жылы кәмелетке толмағандардың он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу жағдайлары, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәмелетке толмағандарға көрсетілген тегiн медициналық көмектердің жүзеге асырылу мәселері талқыланды.

Алдымен күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Жиын соңында комиссия төрағасы Бектемір Жұмағұлов кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жат әдет- қылықтардын аулақ болуы, қажетті деңгейде білім мен тәрбие алуын қадағалауды жауапты сала басшыларына тапсырды.

Сондай-ақ, темір жол аумағындағы балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау шараларын бақылауға алу жұмыстарын күшейтeйтуді, темір жолға жақын орналасқан білім беру ұйымдарында профилактикалық түсіндіру сабақтарын ұйымдастыру қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді