Санитарлық талаптарды сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді

Санитарлық талаптарды сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді

Бүгін мобильді топ мүшелері кезекті рейд шараларын жүргізді. Арнайы топ азық-түлік дүкендерін, кәсіпкерлік нысандар мен сауда орталықтарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Кәсіпкерлік нысан иелеріне карантиндік талаптардың сақталуы мен қызметкерлердің қорғаныш қолғаптарын киіп, бетперде тағып жұмыс жасауы қажеттігі ескертілді.

Сондай-ақ, ғимарат ішінде жиі дезинфекция жасалып, антисептикалық құрылғылармен қамтамасыз етілуі мен арақашықтықтың сақталуын қадағалауды тапсырды.