Жылу жүйесінің қалыпты деңгейде болу жағдайлары тексерілді

Жылу жүйесінің қалыпты деңгейде болу жағдайлары тексерілді

Ауа райының күрт өзгеріп, күннің суытуына байланысты аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Жұбанов жауапты мамандармен бірге әлеуметтік маңызы бар бірнеше нысанды аралады.

Тексеру барысында мектеп, балабақша, аурухана, «Арал-Сарбұлақ» топтық су құбыры, электр желісі мекемелеріне де барып, нысанның жылу температурасын қалыпты деңгейде ұстау қажеттігін ескертті.

Сондай-ақ, ғимараттардың жылу жүйесіне жауапты мамандар мен мекеме басшыларына мұқият болуды тапсырып, қосымша электр энергиясын беретін генератор құрылғыларының да дайын болуын пысықтауды тапсырды.