Аудан көлемінде орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің пайдаланылу жағдайы жөнінде мәжіліс өткізілді.
Жиынға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев төрағалық етті.
Мәжіліс отырысына аудан прокуроры, қала, кент, ауылдық округ әкімдері және жұмыс тобының мүшелері қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Жер кодексіне енгізілген мораторийдің мерзімі аяқталатынын және де жайылым жерлердің тапшы екенін, бұл жерлер, ең алдымен, ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керектігін атап өткен болатын.
Аудан көлемінде мақсатына сай пайдаланылмай отырған жер учаскелерін анықтау мақсатында аудан әкімінің өкімімен жұмысшы тобы құрылған.
Жиында аталған мәселеге байланысты аудан прокурорының орынбасары Әділ Есқараевтың хабарламасы тыңдалды. Қазіргі таңда өз мақсатына пайданылмай жатқан 20 жер учаскесі аныталса оның біреуі ғана мемлекетке қайтарылған.
Осыған орай, аудан басшысы кент, ауылдық округ әкімдеріне әкімшілік аумақта орналасқан шаруа қожалықтарының жетекшілеріне мүлдем пайдаланылмай отырған және әрбір мал басына шаққанда игермей отырған жарамсыз жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша, пайдаланылмайтын жерлер анықталғанда салықтың 10 есе есептелінетінін ескертіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жүктеді.
Сонымен қатар, сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне мал басы тіркелмеген шаруа қожалықтары мен игермеген жер учаскелерін қолданыстағы заң талаптарына сәйкес мемлекет меншігіне қайтару бағытында тиісті жұмыстар атқаруды тапсырды .