Су айдынында сақ болыңыз!

Су айдынында сақ болыңыз!

Қазіргі таңда, ауа температурасы төмендеп, Сырдария өзенінің бойында мұз толықтай ұстасты. Осындай сәтте кей азаматтарымыз қауіпсіздік шараларына аса мән бермей жол қашықтығын қысқарту мақсатында су айдынын кесіп өтпекші болып, оның арты орны толмас қайғылы оқиғалармен аяқталып жатады. Сондықтан төменде көрсетілген ескертпелерге құлақ асып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз.

Есіңізде болсын:

- Мұз үстіне қас қарайған шақта және ауа-райы қолайсыз кезде (тұман, қар, жаңбыр) мүлдем шықпаңыз;

- Өзеннің арғы бетіне шықпақ ойыңыз болса, өткелмен өтіңіз. Бұл әлдеқайда қауіпсіз;

- Мұзды аяқпен теуіп, тексеруге болмайтынын ұмытпаңыз;

- Ата-аналарға үлкен ескерту: балаларыңызды мұзға (балық аулауға, шана не шаңғы тебуге) қараусыз жібермеңіз.