«Кеңесарық» каналының ұлтаны тазартылуда

«Кеңесарық» каналының ұлтаны тазартылуда

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Бекбауыл ауылдық округіне жасаған сапары барысында Құмбазар елді мекенінің жоғарғы жағындағы дариядан бастау алатын «Кеңесарық» каналының ұлтанын тазалау жұмыстарын көрді. Мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, атқарылған жұмыстармен таныс болды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан жоба барысында ұзындығы 4.3 шақырым болатын «Кеңесарық» каналының ұлтаны қазылып, тазартылды. Сонымен қатар, 5 су реттегіш шлюз орналастырылды. Қазіргі таңда барлық жұмыстар аяқталуға жақын.

Дария суы көтерілген уақытта каналға су жіберіліп, Сырдария өзеніндегі су тасқынынан келер қауіп-қатер азаятын болады. Сондай-ақ, жақын маңда орналасқан Құмбазар, Бекбауыл, Ақбай елді мекендерінің егістік алқаптарына дария суы жеткізіледі.