Ауданда 32 мектеп оқушыларға дәстүрлі түрде білім беруде

Ауданда 32 мектеп оқушыларға дәстүрлі түрде білім беруде

ҚР бас санитарлық дәрігерінің № 62 қаулысына сәйкес оқушы саны 300-ге дейінгі мектептер екінші оқу тоқсанынан бастап дәстүрлі оқу форматына көшірілді. Соған сәйкес аудандағы 49 мектептің 32-сі дәстүрлі түрде оқушыларға білім беруде.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Бекбауыл ауылдық округіндегі № 65 және Ақирек ауылдық округіндегі № 63 орта мектептеріне барып, оқу процесінің өту барысымен танысып шықты. Білім ошақтарындағы сыныптарды аралап оқушылардың білім алу жағдайына қанық болған соң мектеп директорларына санитарлық талаптар мен оқушылар арасында арақашықтықтың сақталуын қатаң ескертті. Қазіргі таңда Бекбауылдағы №65 орта мектепте 247 оқушы, ал Ақиректегі №63 орта мектепте 186 оқушы дәстүрлі түрде білім алуда.

Одан соң аудан басшысы Ақбай елді мекеніндегі «Қызғалдақ» балабақшасында болып, жұмыс барысымен танысып, санитарлық жағдайын қарап шықты. Балабақшада 1 кезекші топта 15 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Білім беру нысандарына келушілердің алдымен дене қызулары өлшеніп, денсаулық жағдайлары қаралады. Білім ошақтары антисептикалық құрылғылармен қамтамасыз етілген, санитарлық талаптар қатаң сақталған.